Димаш MTV жүлдесінің иегері атанды

Қуан, қазақ! Бүгінде әлемнің алтын дауысына айналған, миллиондардың сүйіктісі, талантты әнші Димаш Құдайберген кеше Қытайдың Шеньжен қаласында өткен MTV Music awards жүлдесін иеленді. Бұл туралы әншінің PR-директоры Алпамыс Шаримов хабарлады. 

Алпамыстың айтуынша, бұл жүлде тұңғыш рет қазақ баласына бұйырып отыр. 

Артынша, Димаштың өзі де инстаграм парақшасына: "Армандар орындалады, бүгін тағы бір мәрте үлкен музыкалық сыйлықтың иегері атандым! Бұл күн менің бала кезгі армандарымның бірі орындалған күн! Қолдауларыңызға раxмет! Бұл сыйлық - MTV MUSIC AWARDS...", - деп жазды. 

Айта кетейік, Димаш "I am singer" байқауынан кейін «Азияның ең танымал әншісі», «Халықаралық дәрежедегі танымал әнші» және «Жылдың ең танымал әншісі»«Ең үздік шетелдік танымал әнші», сондай-ақ осының алдында ғана «Ең танымал шет елдің әншісі» жүлделерін жеңіп алған еді. Осымен бұл – отандасымыздың Қытай еліндегі жетінші жүлдесі. Жеңісті күндеріміз көп болсын, қазақ елі!