Қайрат Нұртас Ресейге таныла бастады
![Қайрат Нұртас Ресейге таныла бастады](/userdata/news/news_46362/image_l.jpg)
Фото:
vk.com
Қайрат Нұртас Ресейде өтетін дәстүрлі "Муз-ТВ" жүлдесінің марапаттау шарасына құрметті қонақ ретінде шақырылды, деп хабарлайды Massaget.kz. Ол Ресейдің атақты жұлдыздарымен бірге қызыл кілеммен жүріп өтті.
Дмитрий Нагиев Қайрат Нұртас жайлы "Нюшамен дуэт айту арқылы таныла бастады", - деді. Қайраттың өзі инстаграмдағы парақшасына салтанатты кештен бірнеше сурет жүктеген.
Муз-ТВ телеарнасының жүлдесі – Ресей шоу-бизнесіндегі ең беделді сыйлықтардың бірі. Телеарнаның бас директоры – Арман Дәулетияров.
М. Оңғарова