Ғаділбек Жаңай наурызда болатын кешінің бір құпиясын ашты

Сыршыл әндерімен тыңдарман жүрегін жаулаған Ғаділбек Жаңай Алматы қаласындағы Республика сарайында 10 наурыз күні он жылдық есеп беру концертін өткізеді. Бұл туралы Massaget.kz порталына әншінің өзі айтып берді. Бұған дейін жеке шығармашылық концерт өткізбеген әнші "Көктемдегі күз" деп аталатын концертіне үлкен дайындықпен келіп отыр. 

- Алғашқы концерт болғандықтан қобалжып жүрміз. Көптен бері ойымызда жүр еді, уақыты енді келген сияқты. Он жыл ішінде жазылған әндерімді шырқап, осыған дейін жеткен жетістіктерімді елмен бірге атап өткім келеді. Жаңа әндер де орындаймын. Сіздерге бір құпиямды ашайын, бұл концертте жүргізуші де, қонақ та, дуэт те болмайды. Өз жайымды өзім айтуға тырысамын, - дейді Ғаділбек Жаңай.