Димаш Қытай жұлдыздарының рейтингінде көш бастап тұр

Қытайда «I am a singer» байқауына қатысып, кең танымалдылыққа ие болған Димаш Құдайберген Қытай жұлдыздарының апталық рейтингінде көш бастап тұр. Бұл туралы әншінің PR-менеджері Алпамыс Шаримов хабарлады.

«Әр апта сайын Қытайда тек әншілердің емес, актер, жүргізуші, шоумен сынды айтулы жұлдыздардың танымалдылық рейтингісі жарияланады. Онда ғаламторда есімдерінің көп пайдаланылуы, іздеу көрсеткіші, әртістің видеоларының көрсетілімі, телеарнадағы рейтингі т.б есепке алынып, апталық рейтинг жасалады», - деп жазды ол.

Қазақстандық Димаш Құдайберген 2989 ұпай жинап, бәсекелестерінен оқ бойы озып шықты. Ол бұл рейтингті қатарынан екінші апта бойы бастап тұр.


Еске сала кетсек, Димаш «I am a singer» байқауының төрт кезеңіне қатысып, француз, орыс, қытай тілдерінде ән шырқады. Сайыс сәуір айына дейін жалғасады. Әзірге, жалпы есеп бойынша, отандасымыз бірінші орында келеді. 

Дереккөз: www.inform.kz