Элвис Преслидің гитарасы 334 мың долларға сатылды

Элвис Преслидің гитарасы 334 мың долларға сатылды
Фото: www.superiorwallpapers.com

1969 жылы Элвис Преслиге әкесі сыйлаған гитарасы Нью-Йорктегі бәссаудада 334 мың долларға сатылды. Вернон Пресли баласына Gibson Dove гитарасын каратеден қара белбеу алған соң сыйлады. 

Солтүстік Каролина штатындағы Ашвилде өткен концертте кіші Пресли бұл гитараны өнеріне табынушылардың біріне сыйлаған. Гитара бүгінгі күнге дейін сақталды. Julien's бәссауда үйі музыкалық индустрия жұлдыздарының заттарын сатылымға шығарды. Басқа заттардың арасында сондай-ақ, Джон Леннонның «Being for the Benefit of Mr. Kite» әніне сөздер жазған қағаз парағы да болды. Ол 354,4 мың долларға сатылды. Майкл Джексон 1996-97 жылдары әлемдік турнесі кезінде киген винил пиджагі бәссаудада 256 мың долларға сатылған.

С. Ерсін