Әнші Айқын қызды болды

Әнші Айқын қызды болды. Орындаушы бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады. 

"РАҚМЕТ ЖАНЫМ!!! Қызды болдым! У меня родилась дочка!!! Только никому не говорите. Атын кім деп қойсам екен?" деп жазды Айқын. 

Айта кетейік, Айқынның тұңғышы Аңсар 2011 жылы дүниеге келген. Еске салайық, Қазақстандық әнші Айқын мен грузин әншісі Сосо Павлиашвили әйелдеріне арнап, "Әр күні" ("Каждый день") композициясына бейнебаян түсірген болатын. 10 ақпанда Алматы қаласында таныстырылым болып өтті. 

Дереккөз: tengrinews.kz