Меломендік Ғабит Әбілдаев қызды болды

Бүгін 1 мамыр - Бірлік күні "Меломен" тобының әншісі Ғабит Әбілдаевтың тұңғышы, ханшайымы дүниеге келді. Бұл туралы әншінің өзі инстаграм парақшасында жазды. "Енді 4 қыз, 5 ұл туып берсең болды" деп әзілдеуде әнші.

Естеріңізге сала кетейік, Ғабит Әбілдаев 2015 жылдың тамыз айында журналист Нурилла Ақбергенмен бірге шаңырақ көтерген болатын. Әншінің әке атанғанын шын жүректен құттықтаймыз!