Тыңдай бергім келеді тыңдай бергім...

Абай атамыздың "Құлақтан кіріп, бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ойсалар, Әнді сүйсең, менше сүй" деп айтқан өнегелі сөздері қазіргі музыканттардың ұранды сөзіне айналғандай. Музыканы жанындай жақсы көретін азамат көшеде әуендетіп тұрған бір топ музыканттарға жақындап, тыңдарманды мәз мейрам етті.