Қазақстандық танымал жұлдыздардың жас кезіндегі суреттері

Қазақстанның халық әртісі Болат Әбдиахметов Facebook әлеуметтік желідегі жеке парақшасына танымал әншілердің жас кезі бейнеленген раритет суреттерді жариялады.

Суреттерге әнші «Сағыныш екен сол бір кез… 90-шы жылдардың Қазақстан әртістерінің «Ханзада» футбол тобы! Орталық стадион! » «Ханзада» — «Қайрат» ардагерлері 3:6, біз жеңілдік сонда!» — деп пікір жазды.

Суреттен Болат Әбдиахметовтен бөлек Қыдырәлі Болманов, Марат Омаров, Ақжол Мейірбеков, Ерлан Көкеев жәнеМедеу Арынбаевты байқауға болады. Әншілер «Ханзада» футбол клубының формасын киген.

Айта кетейік, Қазақстан эстрадасының әншілерінен тұратын футбол командасы қазір де бар. Алайда қазір ол «Алатау» деп аталады. Оның құрамында Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев, Ғаділбек Жанай, «Ринго», «Мистерионс» топтарының әншілері және т.б. ойнайды.

Дереккөз: baistars.kz