Орыс қызы Лондонда қазақ дәстүрі бойынша тұрмысқа шықты

Шоумен әрі жүргізуші Абдель Мұхтаров өзінің инстаграмдағы жеке парақшасында Яна Искакова есімді орыс қызының Лондон қаласында Доминика Тонг есімді Швейцария елінің тумасына қазақтың байырғы дәстүрімен тұрмыс құрғандығын жариялады, − деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.

Абдель Мұхтаровтың айтуынша, Яна Алматы қаласында туып өсіп, туған жерінен алыстағанына қарамастан жергілікті мекенінің салт-дәстүрін бір сәтке ұмытпаған екен. 

Абдель: − Мен Янаны менің досым екенін мақтан тұтамын. Яня, жарайсың! Сендерге мол бақыт тілеймін. Қазақстан сенімен мақтануына болады. Мен қазір қуаныштан жарылғалы тұрмын.