Бір күнде жұлдыз бола салды

Голландия елінің дарынды жастарын бір уысқа жинайтын "Голландия даусы" жобасында қызықты жағдай орын алды. Жобаның жетекшілері өзінің даусымен тәнті қылған жас жігітке бірден бұрылды. Жігіт  Джеймс Браунның "This Is A Man’s World" әнін орындаған. Жетекшілер жігіттің орындауына риза болғандықтары соншалық ол бір шумаған айтып та үлгермеген. Қазіргі таңда әртіс Чарли Луске аты жер жарған әншіге айналып отыр.