Танымал әнші Шахизада Байпатшанова әже атанды

Әншінің келіні бүгін дүниеге қыз әкелді. Сәбидің салмағы 3 келі 300 грамм, бойының ұзындығы 52 см, - деп хабарлайды baistars.kz тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, Шахизада осыдан бір жыл бұрын жалғыз ұлы Олжасты үйлендірген болатын. Келіні Ләззат Шымкент өңірінің тумасы.

«Келінім өзіме ұқсайды. Оны туған қызымдай көремін» дейтін әншіні massaget.kz ұжымы қуанышымен құттықтай отырып, бөбектің бауы берік болсын деген тілек білдіреді.