The Spirit of Tengri 2015 фестивалі Қазақстанда Ethnoworld стиліндегі сапалы әуен ұсынады

The Spirit of Tengri 2015 фестивалі Қазақстанда Ethnoworld стиліндегі сапалы әуен ұсынады
Фото: tengrinews.kz

Тhe Spirit of Tengri фестивалі өз елінің мәдениеті мен тарихын Ethnoworld стилінде 11 елдің музыканттарының басын біріктірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Тengrinews.kz ақпараттық порталына сілтеме жасай отырып. Еске сала кетсек, концерт Tengri FM Ұлттық радиостанциясы және Kaspi Bank қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Alash Media Group холдингінің бас директоры Батыр Қазыбаевтың айтуынша, бұл жобаның компания үшін маңызы зор. "Бұл фестиваль руханилыққа әрі музыкаға толы. Біз The Spirit of Tengri халықаралық музыка фестивалінің әлемге танылуы үшін тырысатын боламыз. Бұл музыканың осы стиліндегі әлемде болған соңғы үш жылдағы ең үлкен шара. Дыбыс пен жарықтың мұндай сапасымен, музыканттардың біліктілігімен әлемде ешқандай шара өткізілген емес. Бұл халықаралық аренада өз еліңді таныстыра алатын Орталық Азиядағы ең ауқымды жоба", - деді Қазыбаев.

Ол The Spirit of Tengri фестивалі Kaspi bank компаниясының қолдауымен өткізілетінін атап өтті. "Егер бізді кәсіпкерлер қолдап жатса, біз шығармашылық адамы ретінде түрлі идея айтуға дайынбыз. Дәл осы жағдайда Kaspi Bank бізге рухани қолдау көрсете білді. Қаржылық қолдау мен жақсы идеялар біріккен кезде керемет дүние туады. Сондықтан да біз мұны The Spirit of Tengri деп атадық. Kaspi Bank компаниясына алғысымыз шексіз", - деді Қазыбаев. Ол өткен жылы фестивальге сегіз мыңнан астам адамның келгенін айтты. Биыл концерт екі күнге созылады.

Айта кету керек, фестиваль этномузыканттар келген елдерге арналады. Tengri FM радиостанциясының директоры Мадина Өмірбекованың айтуынша, қазақстандықтар көп елді мүлде білмейді. "Көп адам Таулы Шория деген елдің бар екенін білмейді. Чылтыс есімді керемет орындаушы бар, ол осы елден келген. Бұл оның алғаш шығуы емес. Менің ойымша, орындаушылар өз елінің мәдениетін, тарихы мен көне музыкасын көрсету мақсатымен келеді", - деді ол.

Жобаның бас режиссері Сергей Майбороданың айтуынша, The Spirit of Tengri 2015 бұрынғы концерттерден музыкалық орындаушыларымен ғана емес, техникалық жағынан да ерекшеленеді. Ол концертте ерекше көңіл-күй сыйлау үшін ең жақсы дыбыс және жарық құрылғыларын қолдануға уәде берді.

Еске сала кетсек, The Spirit of Tengri фестивалі 6-7 маусымда Республика Сарайындағы Абай алаңында болады. Концерт сағат 19.00-де басталады. Концертті тамашалау тегін. Сахнаға биыл эстониялық "TRAD.ATTACK!" тобы, қытайлық "Hanggai" және мажар әншісі Тилла Торок "HoldViola" тобының құрамында өнер көрсетеді. Қазақстандық "Арқайым" тобы да фестиваль жаңалығы болмақ. Танымал этномузыкант Еділ Құсайынов 6-7 маусымда Алматыда өтетін халықаралық Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестиваліне қатысады.

Орындаушы сахнаға этноджазда ойнайтын Satzhan Project тобымен бірге шығады. Сонымен қатар, сахнаға қазақстандықтарға танымал: әнші, композитор Радик Тюлюш пен Башқұртстаннан келген "Арғымақ" тобы, түркиялық "Baba Zula", грузиялық музыканттар "The-Shin", "Намгар" тобы өнер көрсетеді. Қазақстан атынан "Алдаспан" тобы шығады.

Қ. Бүйенбай