Энрике Иглесиас концерт кезінде саусағынан айырыла жаздады

Испания әншісі Энрике Иглесиас Мексикада концерт кезінде саусағын кесіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Lifenews.ru сайтына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, ол концертті түсіруге арналған ұшатын аппаратты ұстамақ болған. Нәтижесінде оның қолы қанап кетті. Дегенмен, қан кету тоқтай салысымен Иглесиас концертін жалғастырды. Тихуан қаласында өткен концерттен кейін әнші Лос-Анджелеске ұшып кетті. Қазір Энрике жарақатын емдеп жатыр.