КешYOU тобының құрамы өзгереді

КешYOU тобының құрамы өзгереді

Қазақ әндерін жаңа әуенмен орындап жүрген әйгілі КешYOU тобының құрамы осы күнге дейін бірнеше рет өзгерген еді. Топ құрамының өзгеруі туралы Баян Есентаеваның әлеуметтік желідегі жеке парақшасы хабардар етті.

Топтың өзгеруі туралы: "Біреулер келеді, біреулер кетеді! 10 жыл ішінде талай ән шырқалды, қобалжу, табыс, сатқындық, берілгендікті бастан өткердік. Біздің сүйікті, бізге қажетті, туған баламыздай болып кеткен КешYOU тобы! Ол қайта туып, қайта өзгеруге құқылы. Бұл жылдары қыздар өзгеріп, әркім өз жолын тапты. Топ та талай өзгеріп, әртүрлі образда танылды: лирикалық, нәзік, сәнді, агрессиялы, романтикалы. Енді, міне, ол тағы да өзгеруде! Мүлде басқаша кейіпке енуде! Жақында - жас, ашық, нәзік, ерекше КешYOU!", - дейді Баян Мақсатқызы.

Баянның бұл сөздеріне қарағанда топтың мүшелері ғана емес, жанры, тіпті, ән салу сарыны да өзгеруі ықтимал. Ғаламторда Айдана Меденованың сәуір айында топтан кететіні айтылған еді. Сондай-ақ Есентаева өзінің парақшасында "Камшат жеке орындайтын әнші болуға дайын!" деп хабарлаған еді. Демек, әзірше топқа жақында қосылған жас әнші Жұлдыз қалуы мүмкін.

Жақында топ "Келші жаныма" атты әні мен бейнебаянын таныстырған еді:

Бұл топтың жаңа кейпін жақында тамашалаймыз. КешYOU тобының мүшелеріне шығармашылық табыс тілейміз!

Сурет: time.kz

Видео: youtube.com

Ф. Абилова