Бұндай музыкалық аспапты сіз бұрын-соңды көрген емессіз

Бұндай музыкалық аспапты сіз бұрын-соңды көрген емессіз

Мына бір ерекше музыкалық аспапқа назар аударыңыз. Ханг деп аталатын бұл инструмент осыдан он бес жыл бұрын ойлап табылған. Білетіндердің айтуынша, швейцариялық шебер Кариб барабанынан әсер алып, осы аспапты жасап шығарыпты.

2014 жылы әлемде аспаптың 80 данасы ғана болған. Инструмент тек тапсырыспен ғана жасалып жүрді. Ал қазір ханг мүлдем жасалмайды.

Жаңа аспап күмбез тәріздес екі металл конструкциясынан тұрады. Бетінде бірнеше ойықтары бар.

Hang Massive деп аталатын швейцариялық топ - бұл аспапта ойнайтын бірден-бір ұжым. Хангтің сиқырлы дыбысы сізге де ұнайды деп ойлаймын.

Топтың басқа туындыларын YouTube сайтындағы ресми каналынан тыңдауға болады.

Е. Қайрахан