Майли Сайрустың шығармашылығы мен жетістігі

Майли Сайрустың шығармашылығы мен жетістігі

Майли Сайрус - америкалық әйгілі актриса және әнші, өз өлеңдерін кантри жанрында шырқайтын атақты Билли Рэя Сайрус және Летиции Джин Сайрустың қызы. «Ханна Монтана» көпсериялы фильмінде өзінің поп-жұлдыз екенін жасырып жүретін Майли Стюарт атты оқушы рөлін сомдап, бүкіл әлемге атағы шықты. Сериалдың даңқы артқан сайын, әншінің де атағы кеңінен жайыла бастады. 

2007 жылы Сайрус «Hollywood Records» бірлестігімен келісімге отырып, музыкадағы мансабын бастады. 2009 жылы әншінің «Вольт» мультфильмінде шырқалған «I Thought I Lost You» әні «Алтын Глобус» сыйлығының «Үздік ән» номинациясында топ жарды.

2009 жылдың күзінде Сайрустың мейнстримге жақын «The Time of Our Lives» атты альбомы жарыққа шықты. Альбомдағы «Party in the U.S.A» әні АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Австралияның музыкалық чарттарында жоғары орындардын көрініп, әлемдік хитке айналды. 

2010 жылы әнші  «Can't Be Tamed» атты үшінші студиялық альбомын жазды. 2012 жылы Майли Сайрус «VH1» телеарнасы ұсынған  «Ұлы поп-орындаушылар» рейтингінде 82-орынға табан тіреді. 

Сурет: nfsbih.net

Ж. Исакаев