Бір тамшы көңіл-күй

Бір тамшы көңіл-күй

Сылдырмақта ойнайтын қарапайым жігіт мына видеоның арқасында жұлдызға айналды. 2 миллионнан астам көрілім жинаған видеоның "қаһарманы" Тим Кубарт есімді сылдырмақшы тамаша шоу жасай білген. 

Оның бұл топтағы міндеті - сылдырмақ үнін шығару болса да, Тим биімен, харизмасымен көрерменді баурайды. Шынында да бір шеңберге байланып қалған адамдар көбіне өз міндетінен өзге жұмысқа мән бермейді. "Тек өз ісімді ғана білсем" дейтін ұстаным барлық елде кең тараған. Тим қалыптасқан стереотиптің күл-талқанын шығарды...

Жаңа жылға өз ерекшелігіңізбен аяқ басыңыз! Әлемді өзгертуді өзіңізден бастаңыз! 

Сурет: @timkubart 

М. Оңғарова