Әлемдегі ең танымал диджей кім?

Әлемдегі ең танымал диджей кім?

Қазіргі таңда бүкіл жер шарында мықтылардың мықтысы атанған - David Guetta. Ол - Франция елінің азаматы. Оны көптеген кешке шақыртқысы келеді. Алайда ол аз ақша емес. Одан бөлек оның өзінің талаптары да жетерлік.

“Trackitdown” сайтының мәлімдеуінше, үздік диджейлердің арасынан Армин Ван Бюренді 2-орынға ысырып, өзі көш бастап келеді. Армин Ван Бюрендей мықты музыкантты басып озу оған оңайға соқпаған. Сондықтан ол өзінің осы жетістігіне өте қуанышты болды.

Жер шарындағы танымал диджей бүгінгі таңда өте көп сұранысқа ие. Алайда мұндай танымал болу оңай емес. Ол үшін әр түрлі трек шығарып, ең бастысы көпшіліктің көңілін көтере білу керек.

Сурет: taringa.net, soonnight.com

Ж. Исакаев