The Spirit Of Tengri күнделігі: "Арғымақ" тобы

Құрметті Massaget.kz оқырмандары, осыған дейін «The Spirit Of Tengri» заманауи этника музыка фестивалі елімізде екінші рет өткелі отырғанын хабарлаған болатынбыз. Жоба Орта Азия халықтарының төл мәдениетін таныстыру мен насихаттауға жол ашады.

Фестиваль аясында әр елдің өнерпаздары өзара тәжірибе алмасып, қалың көпшілікті өз елінің өнерімен таныстырады. Біз өз кезегімізде фолк-музыканы заманауи бағытта орындайтын өнерпаздарды, яғни фестивальге қатысатын әрбір орындаушы топтарды жекелей таныстыруды жөн көрдік.   

Сол қатысушылардың бірі Башқұртстаннан келген «Арғымақ» тобы. Топ репертуары тек авторлық әндерден құралған. Бұл әндер башқұрт құбайраларының эпосы мен аңыздары туралы. Топтың құрылғанына көп болмаса да, кәсіби біліктілікпен көзге түсіп жүрген олар толық репертуарымен жарты әлемді шарлап, өз мәдениетін насихаттап үлгерген.  

Топ мүшелері башқұрт ұлтының аспаптарында (қурай, домбыра), сонымен қатар өзге ұлттардың да аспаптарында (африкалық джемюе, латынамерикалық перкуссия) шебер ойнайды. Бұдан басқа, топ аспаптарының қатарында электрогитара, бас-гитара және ұрмалы аспап бар.

«Арғымақ» тобы Қазақстанға алғаш рет келіп отырған жоқ. The Spirit Of Tengri фестивалінде аталған топтың тыңдармандары келіп, сүйікті тобына қолдау білдіретін болады.

Оқи отырыңыз:

Алматыда The Spirit Of Tengri фестивалі екінші рет өтпек

The Spirit Of Tengri заманауи этника музыка фестивалі

The Spirit Of Tengri этникалық музыка фестивалі өтті


Дайындаған: Ардақ Құлтай