Ертең қазақстандық музыканттар экстрим көрсетеді

Алматыдағы Тамғалы тас шатқалында 26 сәуір күні Халықаралық "Экстрим дыбысы" атты фестиваль басталады.

"Экстрим дыбысы" – экстремалды спорт түрлерін сүйюші музыканттарға арналған 3 күндік фестиваль. Шара аясында қатысушылар көрермендерге физикалық мүмкіндіктерін көрсетеді, сонымен қатар, ән айтып көңілдерін көтереді.

Жиынға танымал рок-топтар, реперлер, ди-джейлер және басқа да музыкалық жанрлардың халыққа танымал өкілдері қатысады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль аясына 20 мыңға жуық көрермен жинайды. Айта кетелік, бұндай жиын қазақстандық экстермалды спорт тарихындағы ең алғашқы шара болып табылады. Фестиваль барысында қоғамдық қауіпсіздікті құқық қорғау органдары қамтамасыз етеді деп жоспарлануда.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: nduro.kz