Диетолог кімдерге шай ішуге болмайтынын айтты

Диетолог кімдерге шай ішуге болмайтынын айтты
Фото: nizhyn.city

Шай ішуге болмайтын бірнеше ауру түрі бар, дейді диетолог Евгений Арзамастцев. Бұл туралы РИА Новости жазды.

Маманның айтуынша, бұл сусынды гипертония, подагра (аяққа тұз байлану), ұйқысыздық және асқазанның жедел ауруларымен ауыратындарға ішу ұсынылмайды.

"Шәй жапырақтарын неғұрлым көп салсақ, сусынға соғұрлым пуриндер енеді. Подаграмен ауыратын адамдар шай мүлдем ішпеу керек немесе шайды аз салып ішу керек. Ал гипертониялық науқастар шайдың құрамында кофеин бар екенін естен шығармағаны жөн, ол қысымның күрт жоғарылауын тудырады. Сондықтан, гипертония диагнозы қойылса, онда сусынның күшін міндетті түрде бақылаңыз", - дейді маман.

Дәрігердің айтуынша, кофеин ұйқысыздықтан зардап шегетіндерге теріс әсер етеді. Сондай-ақ, шай асқазан-ішек жолдарының проблемаларын күшейтеді.

Арзамасцев мұндай ауруы бар адамдар шай ішпес бұрын дәрігер кеңесін алғаны жөн деп есептейді.

Бұған дейін дәрігер жоғары қысым кезінде бас ауруыннан қалай құтылуға болатынын айтқан еді.

Т. Раушанұлы