Адал кәсіпкерді қалай анықтауға болады?

Адал кәсіпкерді қалай анықтауға болады?

"Бұл мәселені шешу үшін біз ("Атамекен" ҚР ҰКП) кәсіпкерлік субъектілерінің бірыңғай бизнес-тізілімін құру бойынша жұмысты жүргізудеміз", - деп мәлімдеді Рустам Жүрсінов Бас прокуратурамен өткен форумда.

Бірыңғай бизнес-тізілімді құру кезінде бүкіл әлемде танылған Dun&Bradstreet, СПАРК халықаралық әдіснамасы негізге алынған. Бірыңғай бизнес-тізілім арқылы контрагенттердің шаруашылық қызметін тексеру өте оңай процедураға айналады. Айталық, сіз ірімшікті өндіретін ірі жеткізушісіз және сүт жеткізушісін іздегенде "Қарағанды Сүт" компаниясын таңдадыңыз.

Біркүндік фирмамен жұмыс істеуді болдыртпау үшін серіктес компания қызметі, контрагенттер мен шарттар, рұқсат құжаттар, қаржы тәуекелдері туралы барлық қолжетімді ақпаратты зерттеу керек. Ол үшін тізілім құрылымына кіріп, қажетті компанияның карточкасын табамыз да компания нарықта бұрыннан бері жұмыс істеп жатқанын, құрамында 200 адам жұмыс істейтінін көреміз. Компания индекстері жасыл аймақта, сертификаттары мен лицензиялары барын да тексердік, демек серіктестікті орнатуға болады. Тұтынушылар Бірыңғай бизнес-тізілім арқылы тауарлар мен қызметтерді олардың өмірі мен денсаулықтарына қаншалықты қауіпсіз екенін көре алады. Ал кәсіпкер өз өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысады. Бірыңғай бизнес-тізілім мемлекеттік органдардың барлық деректер базаларымен біріктіріледі. Бизнес-тзілім http://businessreestr.kz/ сілтемесі арқылы қолжетімді.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Марадона мәңгілік сапарға аттанды
Марадона мәңгілік сапарға аттанды
Ұзақ өмір сүру үшін қанша сағат ұйықтау қажет?
Ұзақ өмір сүру үшін қанша сағат ұйықтау қажет?
Назарбаев университетінің жатақханалары қандай?
Назарбаев университетінің жатақханалары қандай?
Түр-түс атаулары қайдан шыққан?
Түр-түс атаулары қайдан шыққан?
Жайдарбек Күнғожинов: Ат, машина және отпен жұмыс істеу қашан да қауіпті
Жайдарбек Күнғожинов: Ат, машина және отпен жұмыс істеу қашан да қауіпті
Official! Головкин 18 желтоқсанда жекпе-жекке шығады
Official! Головкин 18 желтоқсанда жекпе-жекке шығады