- Негізгі бет
- Кеңестер
- Сәтсіздік те жетістік...
Сәтсіздік те жетістік бола алады
Адамға кейде бір іске кірісіп кетуі үшін ұтымды айтылған сөз ғана жеткілікті. Ол қанаттандырып, талаптандырып, күш береді. Осындай мотивациялық сөздерді көбінесе өзі сан биіктікті бағындырғандар айтады. Сіздерге әлемнің ауқатты адамдары айтқан қанатты сөздерді ұсынамыз.
Сәтсіздік те жетістік бола алады, егер одан сабақ алған жағдайда ғана...
Малькольм Форбс
Іске кіріскен адамды жетістік күтеді, «байқап көрген адамға» кедергі болатын бір нәрсе шығады, жартылай күш салған адамды жартылай жетістік емес, нөлдік нәтиже күтеді.
Бодо Шефер
Әрдайым бір ережені есте ұстаңыз: өзіңіз жасап жүрген жұмыс бойынша емес, істегіңіз келетін жұмысқа байланысты киініңіз.
Дональд Трамп
Келеңсіздік – барлығын басынан бастауға берілген жақсы мүмкіндік, бірақ бұл жолы ақылдырақ болу керек.
Генри Форд
Бай адамдардың 90 пайызы кәсібін түкке тұрғысыз нәрседен немесе бос қалтамен бастаған. Орта есеппен әр миллионер үш рет банкротқа ұшыраған.
Брайан Трейси
Егер қалай баюды жоспарламасаңыз, кедей болуды жоспарлап жатсыз деген сөз. Тек өзіңіз мұны байқамайсыз. Ондай адамдар мұндай сұрақтың құрылымына мән бермейді.
Роберт Кийосаки
Ақша бақыт әкеле алмайды. Менде қазір 50 миллион бар, 48 миллионым бар кездегі бақытым да дәл осындай еді.
Арнольд Шварцнеггер
Кез келген уақытта кетіп қалып, өз ісіңіздің іргесін қалаңыз. Ал Гарвардқа қайта оралу ешқашан кеш болмайды.
Билл Гейтс
Ақша бақыттың кепілі емес, бірақ материалдық еркіндіктің кепілі бола алады.
Роман Абрамович
Кез келген «жақсы мезгіл» ерен еңбегіңіз және жаныңызбен берілгеніңіздің жемісі. Бүгінгі ісіңіз ертеңгі жетістігіңіздің кепілі. Ертең жемісін жегіңіз келсе, күн сайын тұқымын сеуіп отырыңыз.
Дональд Трамп