Байлыққа жеткізетін құнды кеңес

Байлыққа жеткізетін құнды кеңес

«Жеңімпаздар заңы» атты бестселлерін жазған Бодо Шефер есімі қазірде бүкіл әлемге танымал. Оның білімінің арқасында мыңдаған адам қаржылық тәуелсіздіктің не екенін ұғынды. Сондай-ақ ол әлемге танымал бизнес-кеңесші, шешен, табысты бизнесмен, 20 шақты кітаптың авторы, әртүрлі тренингтердің жүргізушісі.

Назарларыңызға Бодо Шефердің қаржылық тәуелсіздікке жеткізетін 21 құнды кеңесін ұсынамыз:

1. Жинаңыз. Табысыңыздың 25 пайызын жеке шотқа салып отырыңыз. Уақыты келгенде ол ақшаны инвестициялаңыз.

2. Үнемдеңіз. Миллионер болу үшін ақшаны үнемдеп, жинау керек. Ақшаны оңды-солды шашу байлыққа жеткізбейді.

3. Ақшаны жақсы көріңіз. Біздің басты қателігіміз – ақшаға деген жаман қарым-қатынас. Оларды сақтаңыз, қорғаңыз. Бірақ өзіңді қуантудан да бас тартуға болмайды.

4. 7-10 жылға қаржы жоспарын құрыңыз. Неге ұмтылатыныңызды және белгілі бір уақытта қаншалықты ақша жинағыңыз келетінін анықтаңыз. Және сол үшін не істеуіңіз керек екенін жоспарлаңыз.

5. Ұлы ойлар. Армандарыңыз кішігірім, майда болмауы керек. Миллиардтаған ақша туралы армандаңыз, табыс туралы ойлаңыз. Сонымен қатар үлкен арманға жету үшін кішігірім мақсаттарға көңіл бөліп, соларға жету керек. Осыны ұмытпаңыз.

6. Байлар секілді ойлаңыз. Ойлау «мәнеріңіз» миллиардер не миллионерлердікіндей болуы керек. Ол үшін олардың сөздерін, дәрістерін тыңдап, кітаптарын оқыңыз.

7. Өзіңізге сенімді болыңыз. Осы сезімді әдетке айналдырыңыз. Адамдар мен ақша сенімді адамға қарай тартылады. Ісіңіз оңға баспай жатса да, табыс пен жетістігіңізге сенімді болыңыз. Бодо Шефер 26 жасында банкрот болып, бәрін жоғалтты, бірақ күш жинап, көтеріліп, қайтадан миллионер атанды.

8. Мәселелерден қорықпаңыз. Сәтсіздіктер мен проблемаларға қуануды үйреніңіз. Үлкен мақсатқа жету жолында әртүрлі проблемалар мен қиындықтарға кезігуіміз мүмкін. Құладыңыз ба? Тұрып, тізеңізді қағыңыз. Енді сіз екі есе мықтырақ болдыңыз!

9. Қаржылай шектеу. Қаржылық тәуелсіздік қаржылай шектеусіз мүмкін емес екеніне дайын болыңыз. Үлкен ақшаға жету жолында ақшаңызды құртуға тура келеді.

10. Бақ. Бақ өзін билеуге шақырған адаммен ғана жұп құрайды. Сөздің астарында сәттілікті алыс, қол жетпес нәрсе етіп көрмеуіңіз керек. Ол үнемі сіздің жаныңызда.

Жалғасы бар...

Сурет: ©Михаил Хван

Ұқсас жазба:

Неліктен біз виртуалды қарым-қатынасты таңдаймыз?

Ф. Абилова