Илон Маск 300 миллиард доллардан астам байлыққа ие болған алғашқы адам – Forbes

Америкалық бизнесмен Илон Маск 300 миллиард доллардан астам байлығы бар  әлемдегі алғашқы адам атанды. Бұған нақты уақыт режимінде жаңартылатын Forbes Real-Time миллиардерлер тізімі дәлел.

Маск басшылық ететін Tesla акциялары бір апта бойы қымбаттап, рекорд жаңартты. Компанияның акцияларының бағасы автокөлікті жалға беретін Hertz компаниясымен 100 000 электромобиль сатып алу туралы келісімге қол қойғаннан кейін өсті.

1 қарашадағы сауда-саттық нарығы ашылғаннан бергі 2 сағат ішінде Маск тағы 10 миллиард долларға қалтасын қалыңдатты. Компания акцияларының құны 1150 долларға дейін көтеріліп, жаңа рекорд орнатты.

Масктың байлығы өткен аптада алғаш рет 270 миллиард долларға жеткеннен кейін ол ең бай адамдардың рейтингінде көшбасшыға айналды.

Bloomberg агенттігі миллиардердің байлығы төрт күнде 50 миллиард долларға өсіп, 302 миллиард долларға жеткенін хабарлады. Қазір оның байлығы 315 млрд долларға жетті.

Миллиардердің Tesla-дағы 21 пайыздық үлесі оның байлығының негізгі бөлігін құрайды. Сондай-ақ ол өзі негізін қалаған SpaceX компаниясында шағын үлеске ие.

25 қазанда Tesla капитализациясы Герцпен келісім жарияланғаннан бері алғаш рет 1 триллион доллардан асты. Bloomberg ақпарат агенттігінің дереккөздері бұл мәміле Маскке 4,2 миллиард доллар пайда әкелетінін жазды. Герц тапсырыс берген станоктар компания бір жылда шығаратын машиналардың оннан бір бөлігін құрайды.