Оқи отырыңыз

Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен қарасаңыз, сөз жоқ, жеңіске жетесіз.

Автор: Қаныш Сәтбаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Мен кәсіпкермін / Бизнес жаңалықтар / Қазақстан іскер әйелдері – Анкарада

Қазақстан іскер әйелдері – Анкарада

Қазақстан іскер әйелдері – Анкарада

2018 жылғы 15-16 ақпанда  Анкарада Қазақстан мен Түркияның іскер әйелдер бизнес-форумы өтті.

Бизнес-форумға еліміздің іскер әйелдер делегациясын Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова  бастап барды. 

Бизнес-форумға Түркия Республикасы премьер-министрінің орынбасары Хакан Чавушоглу, Түркияның Сауда палаталары мен сауда биржалары одағының жанындағы Іскер әйелдер кеңесі төрайымының орынбасары Рухсар Пекджан және «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова қатысты. Қазақстандық делегацияның құрамына еліміздің 50-ге жуық іскер әйелдері қатысты. 

Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова форумда сөйлеген сөзінде Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің 40%-ын іскер әйелдер қалыптастыратынын, олардың отандық бизнес дамуына қосатын үлесі үнемі өсіп отырғанын айтты. 

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кеңес беруші органдардың арасында алғашқы болып өз алаңында Іскер әйелдер кеңесін құрған болатын. Бүгінгі таңда 16 өңірлік кеңес, 170 аудан орталығында филиалдар құрылып, оларды табысты кәсіпкерлер әйелдер басқарып отыр. Осылайша Кеңес Қазақстанның түпкір-түпкірінен табысты, әрі әлеуметтік белсенді қыз-келіншектердің әлеуетін біріктірді. Қазақстанда жеке кәсіпкерлердің – 47%-ын әйелдер құрайды, заңды тұлғалардың – 26%-ын, шаруа және фермерлік қожалықтардың – 19%-ын қыз-келіншектер басқарады», – деді Лаззат Рамазанова.

Лаззат Рамазанова форум қатысушыларына «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жұмысының негізгі бағыттарын таныстырды, осы ретте спикер ҰКП құруда континетельды модель негізге алынғаны жайында, бірінші кезекте Түркияның Сауда, өнеркәсіп палаталары мен тауар биржалары одағының (ТОББ) озық тәжірибесі үлгі болғанын атап өтті.

Еліміздің тәуелсіздік алған уақыттан бастап Қазақстан-Түркия іскерлік кеңесі жұмыс істейді, 2009 жылы Түркітілдес мемлекеттердің іскерлік кеңесі құрылса, 2014 жылы «Атамекен» ҚР ҰКП және Түркияның Сауда, өнеркәсіп палаталары мен тауар биржалары одағы арасында ынтымақтастық туралы меморандум қабылданды. 2015 жылы Қазақстан-Түркия іскерлік кеңесі Түркия Экономика минситрлігінің Сыртқы экономикалық байланыстар комитеті (DEİK) және Қазақстанның сыртқы палатасы жанынан жаңа форматта қайта жаңғырды. Аталған іскерлік кеңес Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық ынтымақтастық дамуына үлес қосуда, мұны статистика да айқын дәлелдеп тұр.

Екі ел арасындағы іскерлік байланыстың одан әрі тереңдеуіне былтыр сәуір айында қабылданған Қазақстан-Түркия бірлескен сауда-өнеркәсіптік палатасын құру туралы шешім әсер етті.

«Бүгінгі кездесу екі елдің іскер топтары арасындағы өзара тиімді келісімдерді нығайтуға мүмкіндік береді», – деді Лаззат Рамазанова.

Форум аясында «Қазақстан – цифрландыру дәуірінде инвесторларға арналған дамудың жаңа мүмкіндіктері» және «Қазақстан мен Түркияның әйелдер кәсіпкерлігінің даму перспективалары» атты панельдік сессиялар ұйымдастырылды. Сессияларда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері (оның ішінде Атырау, Қызылорда, Ақтөбе және Жамбыл облыстары кескінінде) және ҚР туризмі келешектігі талқыланды. Қатысушыларға Астана халықаралық қаржы орталығы және Түркияның сыртқы экономикалық байланыстар кеңесі қызметі таныстырылды. Форум аяғында делегаттар ТОББ университеті, индустриялық аймақ  және «Panora» сауда орталығын тамашалады.

Рейтинг: +0

Фото: Автордан
Қосылған күні: 16 ақпан, 16:52
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.