Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мен кәсіпкермін / Бизнес жаңалықтар / СRIRSCO Қазақстанның геологиялық барлауына инвестиция тартады

СRIRSCO Қазақстанның геологиялық барлауына инвестиция тартады

СRIRSCO Қазақстанның геологиялық барлауына инвестиция тартады

ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитеті ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп 9 қарашада Қостанай облысында «Барлауды реттеу және қатты пайдалы кендерді қазудың халықаралық стандарттарына өту» тақырыбында көшпелі жиын өткізді.

Көшпелі жиын бағдарламасының аясында қатысушылар Рудныйдағы карьер мен «Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ байытатын фабрика нысанын аралады, Мәжілісі Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. 

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ресми делегаты ретінде басқарма мүшесі–басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов қатысты. 

Мемлекет басшысының Ұлт жоспарында көрсеткен 74, 75 қадамдарындағы тапсырмасына орай ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекстің жобасында пайдалы қазбалардың қоры бойынша CRIRSCO халықаралық жүйе мен есептік стандартты және барлық пайдалы қазба үшін жер қойнауын пайдалану саласындағы ашықтық пен болжамдықты арттыруға бағытталған әлемдік үздік тәжірибені қолдана отырып, келісімшарт жасаудың жеңілдетілген әдісін енгізу қарастарылып отыр. 

Комитет төрағасы Глеб Щегелский айтқандай, соңғы жылдары кен алудың жоғарылығы минералды-шикізат қорын толтыру қарқынынан озық. 

Мұнымен қоса, Қазақстанда геологиялық барлауға салынған инвестицияның көлемі жеткіліксіз екені байқалды. Бүгінде 1 шаршы метр аумаққа орташа алғанда шамамен 7 доллар. Ал АҚШ-та бұл көрсеткіш – 87, Австралияда – 167, Канадада – 203 доллар. 

«Геологиялық барлауға инвестиция тарту қажет. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі заң жобасын әлемдік тәжірибенің үздік нұсқасына сәйкестендірмей аталған мақсатқа жетуі мүмкін емес»,– деді Елдос Рамазанов. 

Халықаралық тәжірибесі жоғары әлемдік сарапшыларды, Дүниежүзілік Банк, ЭЫДҰ және басқа да ұйымдардың сарапшыларын қатыстыра отырып жүргізген зерттеудің мәліметі бойынша қатты пайдалы қазба саласында жер қойнауын пайдалануды реттеудің Батыс-Австралиялық үлгісі таңдалды. Бұл үлгі тау-кен саласында инвестициялық тартымдылық бойынша ТОП рейтингке кіретін Австралия, Канада, Чили және басқа мемлекеттерде қолданылады. 

«Геологиялық барлауға салынған инвестиция деңгейінің төмендігі жаңа кен орындарын ашуды кешеуілдетіп отыр. Таяу арада жер қойнауын пайдалануда инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша жедел шараларды қабылдамау ел экономикасының негізі болып отырған отандық кәсіпорындарға қажетті сапалы шикізаттың азаю қаупін тудырады», – деп түсіндірді ҚР ИДМ вице-министрі Тимур Тоқтабаев. 

Жер қойнауы туралы кодексте инвестициялық ахуалды жақсартуға, осы саладағы түйткілді мәселелерді шешуге негізделген бірқатар жаңалықтар енгізілген. Жаңалықтардың қатарында мемлекеттік қорларда жер қойнауы мен жер қойнауын пайдаланушылар туралы, жер қойнауын пайдаланушыны тікелей және жанама бақылайтын тұлғалар мен мемлекеттердің шарттары, соңғы бенецефиарлары және тағы басқа жайында да ақпарат жалпы көпшілікке ашық көрсетілуі бар. 

Көшпелі жиынға ҚР Мәжілісінің депутаттары, ҚР Инвестициялар және даму министрлігін, Қостанай облысы әкімдігі, «Атамекен» ҚР ҰКП, «Республикалық тау-кен қазу және тау-кен металлургиялық кәсіпордардың қауымдастығы» ЗТБ мен жер қойнауын пайдаланатын мүдделі компаниялардың өкілдері қатысты.

Анықтама ретінде: 

2017 жылы 8 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекс жобасының алғашқы оқылымы өтті. 

Кодекс жобасын дайындауға салалық қауымдастықтар мен бизнес өкілдері қатысты. Құжат жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысындағы кедергілерді алуға, салалық құқықтық базаны жетілдіруге, салаға тікелей шетелдік инвестицияны тартуға, жаңа кен орындары мен жұмыс орындарын ашуға бағытталған.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Марғұлан Ақан
Фото: atameken.kz
Қосылған күні: 10 қараша 2017, 16:24

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.