Үкіметтің медициналық сақтандыру жобасы дайын емес

Үкіметтің медициналық сақтандыру жобасы дайын емес
Фото: tengrinews.kz

Қазақстандағы жұмыс берушілер бірнеше күннен кейін 6,4 миллион қызметкеріне міндетті медициналық сақтандыру төлемдерін жасауды бастайды. Одан бөлек, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген 900 мың азамат та бұл міндетті орындауға тиіс.

Әйтсе де, «Талап» қолданбалы зерттеу орталығы қамқоршылар кеңесінің басшысы, экономист Рақым Ошақбаев жобаның толығымен дайын емес екенін айтады. Мысалы, әрбір ел азаматының бір жылда неше рет медициналық қызметке жүгінгендігі мен оған жұмсалған қаржыны бір орталықтан бақылау үшін онлайн паспорт жасау идеясын жүзеге асыру қолға алынбаған. Одан бөлек, медициналық қызметке тұрақты тіркеу ретін кедергі болуы мүмкін. Сондықтан мұндай мәселелерді жүйені іске қоспай тұрып, шешіп алған жөн.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (ӘМСҚ) 5 сұрақ

"Жеке кәсібін дөңлетіп жүрген 900 мың ел азаматы да ай сайын міндетті сақтандыруға қаржы бөліп отыруға тиіс. Одан бөлек, үй шаруасындағы әйел, такси жүргізушілері немесе бейресми қызметтегілер (1,2 миллион адам) 2018 жылдың басынан бастап медициналық сақтандыруға өз бетімен қаржы салып отыруға міндетті. Өйтпеген жағдайда, олар үшін медициналық қызмет қолжетімді болмайды", - «Талап» қолданбалы зерттеу орталығы қамқоршылар кеңесінің басшысы Рақым Ошақбаев.

Экономистің айтуынша, ӘМСҚ жұмысын бастаудан бұрын 5 мәселені қарап алған жөн. "Талап"  зерттеу орталығының сараптамалық мәліметіне орай, мемлекеттік бюджет шығыны 2019 жылы медициналық сақтандыру әсерінен 20 пайызға артады. Бұл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мен тегін медициналық көмек көлеміне республикалық бюджеттен бөлінетін қаржы есебінінің артуын көрсетіп отыр.

"Нақтырақ айтар болсақ, ағымдағы жылдың соңына дейін сақтандыру қорына мемлекеттік бюджеттен 939 млрд теңге бөлініп, оның бәрі тегін медициналық көмек ретінде пайдалануға берілмек. Келесі жылға жоспарланған 1 199 млрд теңгенің 233 миллиарды жеке сектордан, ал 965 миллиард теңгесі мемлекеттік бюджеттен бөлінеді. Оның ішінде 345 миллиарды тегін медициналық көмекке, ал 625 миллиард теңгесі міндетті сақтандыру есебімен қамтылады", - дейді Ошақбаев мырза.

Қордағы мемлекеттік сектордан бөлінетін қаржы 2019 жылға қарай 1125 миллиард теңгеге дейін өспек. Бұл биылғы көрсеткіштен 20 пайызға көп болып отыр.

Жоспар бойынша, ӘМСҚ 2018 жылы 843 миллиард теңге көлеміндегі қаржыны игеруі тиіс. 10,1 миллион адамның медициналық сақтандыруын қамтитын 610 миллиард қаржысы мемлекеттік сектор қамтамасыз етеді. Ал жұмыс берушілер өзінің 6,4 миллион қызметкері үшін 174 миллиард теңге бөлуі тиіс. Сонымен қатар, өз кәсібімен айналысып жүргендер 47 миллард теңге салса, қоғамдағы белсенді емес 700 мың азамат медициналық сақтандыру үшін бір жылда 12 миллиард қаржы төлейді. Бұл жеке сектордағы кәсіпкерлерг үшін бірталай артық шығынның болары анық.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының шектеуі бойынша, айына 33 теңгеден аз табыс табатын 344 мың азамат пен бейресми қызметтегі 382 мың адам медициналық қызметке қол жеткізе алмайды.

"Қорды басқарудағы қателіктер сақтандыру үдерісі басталмай тұрып, көріне бастауы ықтимал. Себебі медициналық сақтандыруға байланысты онлайн және оффлайн ақпараттық жүйе дайындалмаған. Сондай-ақ, әрбір емделуші азаматқа жұмсалатын қаржының көлемін есептеу үшін оның электронды паспортын жасау керек. Одан бөлек, ел азаматының тұрғылықты мекен жайынан бөлек, өзге емханаларда емделу мүмкіндігі жайлы соңғы шешім жарияланбады. Демек, ел азаматы тіркелмеген жерде медициналық қызметке ие бола алмауы мүмкін. Содан кейін, ерікті түрде медициналық сақтандыруды таңдау мәселесі де әзірге қаралмады", - дейді экономист.

Рақым Ошақбаевтың айтуыша, ӘМСҚ шығыны да жоғары болмақ. Айта кетсек, ӘМСҚ қызметкерлеріне айына қордың 1,25 пайызы, яғни 8,5 млрд теңге көлемінде қаржы жұмсалады. Қазіргі таңда, аймақтық медициналық қызмет көрсету саласының мамандарына 0,7 миллион теңге көлемінде қаржы жұмсалады. Еліміздің бес аймағын ескергеннің өзінде, шығын көлемі ӘМСҚ шығынынан әлдеқайда аз болып отыр.

Ж. Өрісбай