Депозит сыйақысы төмендеді

Депозит сыйақысы төмендеді
Фото: businesstimes.com.sg

Енді қазақстандық банктерде шетелдік валютада ашылған депозиттердің сыйақы көлемі 1,5 пайыз болмақ. Бұл туралы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (KDIF) баспасөз қызметі мәлімдеді.

KDIF директорлер кеңесі жеке тұлғалардың депозиттері бойынша берілетін сыйақы көлемін 1,5 пайызға азайтты. Ал ұлттық валютадағы сыйақы мөлшері өзгермеген. Шешім ағымдағы жылдың шілде айының басынан өз күшіне енбек.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры Ұлттық банк шешімімен 1999 жыл құрылған. Ол екінші деңгейлі банк салымшыларының құқығын қорғау мақсатында ұйымдастырылған. KDIF кепілдігі ұлттық валютада – 10 миллион теңге, ал шетелдік валютада 5 миллион теңгені құрайды. 

Ж. Өрісбай