ЭКСПО-ға келген әрбір турист қанша қаржы жұмсайды?

ЭКСПО-ға келген әрбір турист қанша қаржы жұмсайды?
Фото: www.qazaquni.kz

Соңғы жылдары Қазақстанға сырттан келетін туристер саны артқан. Биыл ЭКСПО-ның жарнамасының арқасында 100 мыңнан астам турист Астанаға келмек. Бұл туралы LS басылымы жазады.

"Қазтур" агенттігінің директоры Алтай Омаровтың айтуынша, шетелден келген әрбір турист орта есеппен, 400 АҚШ долларын жұмсайды. Бұл көрсеткіш ЭКСПО-ға орай өткен жылмен салыстырғанда 5-6 есеге өсіп отыр.

"Көлсай және Шарын сынды туристік нысандарға баратын инфрақұрылым дамымаған. Сондықтан демалыс орындары Алматы мен Астана қалаларының маңы болып қала береді. Десе де, аталған қалалардан ұйымдастырылатын бір күндік экскурсиялар туристерге тиімді болмақ", - дейді Омаров мырза.

"Қазтур" ақпаратына орай, Бурабай мен Алакөл сұранысқа ие болмауы мүмкін. Себебі аталған жерлерде демалуға кейбір туристердің қалтасы көтермейді. Сондай-ақ, олардың қызмет көрсету сапасы мен инфрақұрылымы бағасына сай емес.

Омаров мырза шетелдік туристер үшін ең тиімді демалыс орындары ретінде Орман ертегісі мен Шымбұлақты атап өтті. 

Ж. Өрісбай