Өндіріс басынан оқыту – заман талабы

Өндіріс басынан оқыту – заман талабы

Соңғы жылдары дуалды оқыту ұғымы кең тарап, оны дамыту бойынша маңызды шаралар қабылданып келеді, яғни кадр даярлау процесіне бизнесті тарту үшін нормативтік-құқықтық база жасалып жатыр.

Дуалды оқыту жүйесі дегеніміз - теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы, яғни студентті кәсіпорнның өз ішінде оқыту процесі екенін бірақ жұртшылық біліп те қалды.

Осы кезге дейін жұмыс бағытының бірі ретінде «Атамекен» ҰКП бұл салада біраз шараларға мұрындық болды. Қазір Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына «тәлімгер», «өндірістік оқыту» деген ұғымдар, дуалды оқытуды дамыту бойынша мүдделі тараптардың құзыреттері (БҒМ, жергілікті атқарушы органдар, өңірлік палаталар), білім беру бағдарламаларында өндірістік практикаға арналған оқу уақыты кем дегенде 60% құрайтыны жайлы түсіндірме, т.б. енгізілген.

Ал Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде «дуалды оқыту», «дуалды оқыту туралы келісімшарт» түсініктері, сондай-ақ «Дуалды оқыту» деген жаңа бап (119-бап) енгізілген болатын.

Оған қоса министрлік «Атамекенмен» бірлесіп дуалды оқытуды ұйымдастыру ережесін бекітті.

Дуалды оқыту жүйесін енгізу бойынша Жол картасы – негізі жоспарлық құжат. Ол 13 басым сала, 99 мамандық және 152 квалификация бойынша жүзеге асырылуда. 2513 кәсіпорын Жол картасының қатысушысы болып, 335 ТжКБ (техникалық және кәсіби білім беру) ұйымымен бірлесіп 26342 студентті даярлау үшін жағдайлар жасалды.

Жалпы, «Атамекен» ҰКП құрылған күннен бастап колледждердің 49575 студенті қосарлы оқыту жүйесіне қатысушы болды. 2018-2019 оқу жылының өзіндегі ғана түлектердің саны 8965 адамды құрады.

Жол картасын іске асыру аясында барлығы 23233 түлек оқып шықты. Дуалды оқыту шеңберіндегі жұмыспен қамту шаралары оның келісімшартында бос жұмыс орындары болған жағдайда жұмыс табуға көмек ретінде қарастырылған. 85%-дық жұмыспен қамту деңгейінің 67% көрсеткіші бар дәстүрлі оқытудан айырмашылығы - таңдалған оқыту түрінің тиімділігін көрсетеді.

Сонымен қатар, бір өкініштісі, дуалды оқытуға қатысатын 2513 кәсіпорын Қазақстандағы бизнес өкілдерінің жалпы санына шаққанда пайыздық мөлшерде өте аз санды құрайды.

«Атамекеннің» Адами капиталды дамыту департаментінің өкілі Ләззат Шонаеваның пікірінше, мұндағы себептердің бірі - дуалды оқыту туралы кәсіпорындардың хабардар болмауы. Қазіргі кезде кең таралған «адами капитал» түсінігін ұғудың өзі, ең алдымен, оны түсіну мәдениетін қалыптастыруды талап етеді.

Оған қоса, ТжКБ ұйымдары оқытудың практикалық құрамдас бөлігін мойындап, оған жіті мән бермейді, бұл сәйкесінше өндірістік оқытуға уақыттың жеткіліксіз бөлінуінен көрінеді.

Дуалды оқыту бір уақытта оқып, әрі жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Студент теориялық білімді кәсіптік білім беруді ұйымынан алады, сонымен қатар оны кәсіпорында практика жүзінде қолданады. Дуалды оқыту кезінде оқу жоспары жасалады, оған сәйкес арнайы кесте құралады, онда қай күндері оқитыны және қай күндері жұмыс орнындағы оқуы ұйымдастырылатын кәсіпорында жұмыс істейтіні көрсетілген.

Яғни, колледж немесе университетті бітіргенде студент дипломында ауқымды өндірістік практикамен бекітіліп тұрады.

Білім алу процесі оқудан немесе практикадан бастала ма – ол студент таңдаған колледжге немесе университетке байланысты. 

Дуалды оқытудың бірнеше артықшылықтары бар

Біріншіден, білімді практикада пайдалану. Оқу барысында-ақ студент өндірістік процеске терең еніп, колледжде/университетте тек теория түрінде болатын дүниеге үйренеді. Нәтижесінде, оқуды аяқтағаннан кейін, студент оңай жұмыс тауып, бәсекелестік артықшылықтарға ие болу үшін аздап тәжірибесі мен білімі болады.

Екіншіден, студент кәсіпорынның / фирманың қызметкері ретінде тіркеледі, ол өндірістік практикадан өткені үшін жалақы алады. Жалақы мөлшері кәсіпорын / фирма көлеміне, студенттің қабілетіне, еңбекқорлығына байланысты екені сөзсіз. Сондай-ақ компанияда қалуға жақсы мүмкіндіктер бар.

Практика аяқталғаннан кейін ол кәсіпорынды жақсы біліп тұрады және кәсіпорын да оның жұмыс қабілетіне сенімді. Қосарлы оқытуға өтініш берген кезде түрлі келісімшарт жасасуға рұқсат етіледі, мысалы, шартқа сәйкес егер өндірістік оқу барысында жақсы нәтижелер көрсетсе, компания оны таңдап алып (егер бірнеше студент болса), жұмысқа қабылдауға міндеттелуі де мүмкін.

Сонымен қатар, дуальды оқыту жұмыс берушілердің белсенді қатысуына кедергі келтіретін бірнеше кемшіліктерге ие.

Біріншіден, уақыт шығыны. Қосарлы оқыту жүйесінің 200 жылдық тарихы бар Германиядан айырмашылығы - Қазақстанда әлі ұзақ мерзімді артықшылықтарды түсіну мәдениеті жоқ. Бизнес кіріс мақсатын жедел, қазір және осы жерде орындауды көздейді. Сонымен қатар, табыстылық тек ақшалай тұрғыдан түсініледі. Кәсіпорындар/компаниялардың тұрақтылық пен болашаққа деген сенімге ие болмағасын, адам капиталына инвестициялаудан түсетін пайда туралы түсініктері жоқ.

Екіншісі - мамандық ауыстыру немесе оқуды үзудегі қиындықтар. Білім берудің «дәстүрлі» жүйесінің студенттері үшін, әдетте, факультет ауыстыру немесе оқуын толығымен тастап кету қиындық тудырмайды. Қосарланған оқыту жағдайында бұлай

болмайды. Егер студент оқытудың бұл түрі оған сәйкес емесн немесе мамандықты дұрыс таңдамағанын түсінсе, оқуды үзу өте қиынға соғуы мүмкін. Компания одан немесе колледжден оқуына бөлінген соманы өтеуді талап етуі мүмкін, яғни студент пен колледж арасында келісімшарт жасалады, оған сәйкес өзара тиімді келісім-шарттар жасалады және оның бұзылуы болашақтағы серіктестікке әсер етуі мүмкін.

Үшіншіден, колледжде сізге оқитын адамның мамандығын бірден таңдау керек.

Оқудың «дәстүрлі» формасында студенттер мамандықты тек 4-5-ші семестрде, яғни мамандықтың барлық мүмкін салаларымен танысқаннан кейін таңдап жатады, ал дуалды оқытудың студентне бірден қай бағытта жұмыс істеу керегін анықтау керек. Кәсіпорында, әдетте, оны дереу нақты бір бөлімге орналастыруы керек, және оның мамандануын өзгерту көбіне қиын болады.

Әрине, дуалды оқытудың мәні тәжірибеге бағытталған екенін түсіну керек. Жұмыс берушілермен бірлесіп жасалған дуалды оқыту бағдарламасы зерттеуге бағытталмаған, мамандықтың ғылыми жағына терең енбейді. Бұл өз салаларында ғылыми немесе зерттеу қызметімен айналысқысы келетіндер үшін кедергі болуы мүмкін.

Германияда кең таралған нұсқа біздің Қазақстанға да ең ыңғайлы болар еді. Яки оқушы - мектеп түлегі дуалды оқыту тәжірибесі бар және колледжмен тығыз байланыста жұмыс істейтін кәсіпорынды өзі тауып, онымен келісім жасасқаннан кейін ғана колледжге немесе университетке түсе алады. Сонымен қатар, колледждер аймақтың барлық салалық кәсіпорындарымен серіктестікке бағытталған болуы және ынтымақтастықтың өзара тиімді шарттары туралы меморандумдар / келісімдер жасасуы керек. 

Бастысы - дуалды оқытудың мәні ертерек кезеңдерде, студенттің өмірлік бағдары анықталатын шақта ата-анасының бұл процесті түсінуінен басталады. Оның қабілеттері, мүмкіндіктеріның диагностикасы қойылғанда, баланың қалауы ескеріліп, іздестіру басталады, одан әрі шаралар жобасы жасалады.

Әрі дуалды оқыту дегеніміз - бұл үш әлемнің - отбасы, білім беру жүйесі және жұмыс – еңбек нарығының үйлесімін талап ететін қосарлы жүйенің маңызды механизмі екенін ұмытпауымыз қажет.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қашықтан жұмыс істеуге ыңғайлы 30 қала
Қашықтан жұмыс істеуге ыңғайлы 30 қала
6 айдан асқан балаға қосымша тамақ рационы
6 айдан асқан балаға қосымша тамақ рационы
Күндіз алған жарақат түндегіге қарағанда тез жазылады
Күндіз алған жарақат түндегіге қарағанда тез жазылады
99.99 – cөредегі бағалардың сыры
99.99 – cөредегі бағалардың сыры
ER-BATYR. Ержан Есімханов бала тәрбиесі мен ер адамдардың достығы туралы айтады
ER-BATYR. Ержан Есімханов бала тәрбиесі мен ер адамдардың достығы туралы айтады
Безгек – ең көне індет
Безгек – ең көне індет