Іскерлік байланыс

Іскерлік байланыс

Шетелдік тағылымдамадан өткен қарағандылық бизнес ханым Ирина Нечаева өзінің бизнес-жоспарларын қайта қарап, отандық жеңіл өнеркәсібі саласына көзқарасын өзгертті.

Ирина Нечаева жуырда ғана Германияға тағылымдамаға барып қайтты. Кәсіпкер «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының «Іскерлік байланыс» құрауышы шеңберінде оқу оқып, шетелдік тағылымдамаға жолдама алды. Бизнес ханым шетелге ТОО IDP Group және El tiregi қауымдастығы – ҚР Жеңіл өнеркәсібі және креативті экономика дамуы комитетінің мүддесін бастап барды. Оның пікрінше, шетелдік тағылымдамаға қатысу – өте маңызды кезең.

«Іскерлік байланыс» құралы 2011 жылдан бері «Бизнестің жол картасы ­ 2020» кәсіпкерліктің қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді. Мұндағы мақсат – шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету. Қатысушыларға шетелдік серіктестермен іскерлік байланыс орнату, ұқсас бизнесті жүргізу тәжірибесін шетелден алу, тиісінше алған білімін өз өндірісіне енгізу мүмкіндігі беріледі.

«Ең бастысы – жаңа бағыт саған не үшін қажет екенін түсіну керек. Егер «турист» ретінде баратын болсаң, жобадан ештеңе алмайсың. Мен өзім баруым тиіс кәсіпорындар мен іс-шаралардың тізімін алдын ала жазып, жоспарлап қойдым. Нәтижесінде біз Stoll зауытын және оның инновациялық орталығына бардық. Берселонада ITMA текстиль және тігін жабдығының әлемдегі ең ірі көрмесін тамашаладық. Сонымен қатар тігін жабдығын шығаратын зауыттарға барып, озық өндіріспен таныстық», – деді Ирина Нечаева. 

 Бизнес тағылымдамаға барған 10 отандық жеңіл өнеркәсіпшінің мақсаты – іскерлік байланыстарды жолға қою, инвесторларды іздеу және жабдық сатып алу. 

 «Қазіргі таңда жеңіл өнркәсібінің саласы түбегейлі өзгерістер мен модернизацияны талап етеді.  Тігін және текстиль жабдығын шығаратын кәсіпорындарда болып, бізге жабдықты жаңартып, автоматтандырылған жүйелерге көшу, жабдықты жетілдіріп, тіпті ауыстыру керек деген шешімге келдім. Сонымен қатар арнайы киім үлгілерін ғана шығармай, өнім ассортиментін көбейту керек. Біз ерлерге, әйелдерге балаларға арналған киім үлгілерін, спорт және күнделікті киімдерді шығара аламыз. Оған зауыттарымыз бен фабрикаларымыз бар», – деді Ирина.

 Жобаға қатысушы Қазақстан осы кәсіпорндарға барлық мүмкін болатын қолдау, субсидияларды қарау керек. Осындай қолдау арқылы зауыттар мен фабрикалар жабдығын жаңарта алады, бәсекеге қабілетті өнім шығарады.

 «Бағдарлама шеңберінде пайдалы байланыстарды орнаттым, тағылымдама кезінде менде бизнес бойынша жаңа серіктестер пайда болды. Ынтымақтастық орнату бойынша ұсыныстар түсуде. Осы жылдың қараша айында түлектер қауымдастығымен біз неміс делегациясын  Қазақстанда күтіп аламыз. Айта кету керек, тағылымдама кезінде жобалар бойынша Қазақстаннан басқа елдердің кәсіпкерлері жобаларын таныстырды, алайда «Атамекеннің» қолдауымен бізді мамандар алдын ала дайындап, оқытып, барлық шығындарды өзіне алды. Біз тағылымдамаға сақадай сай болдық», –деді Ирина Нечаева.

 Алайда, кәсіпкердің айтуынша, қырғыз және өзбек әріптестерден гөрі отандық дизайнерлер мен текстиль өндірушілер шетелде танымал емес. Қазақстандық тоқыма қызметкерлері өз білімдерін көрсетті және немістердің ынтымақтастыққа қызығушылығын тудыра алды.

«Тағылымдама кезінде біз Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан арасында серіктестік қарым-қатынасты нығайттық. Қазіргі таңда біз халықаралық сарапшыларды шақыру арқылы Жеңіл өнеркәсіптің алғашқы ортаазиялық форумын өткізу тұжырымдамасын әзірлеудеміз», – деді кәсіпкер.

 Келесі жылы Мюнхенде текстиль өнімінің кезекті көрмесі өтеді. Ол уақытқа дейін қазақстандық кәсіпкерлердің жеке павильоны болады деп күтілуде, онда отандық бизнес өнімдері қойылады.

Германия-Қазақстан арасындағы жетекші қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған ынтымақтастық бағдарламасы 2020 жылға дейін жалғасады.

А. Рысдәулет