Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мен кәсіпкермін / Биоөндіріс – белсенді бизнес

Биоөндіріс – белсенді бизнес

Биоөндіріс – белсенді бизнес

Тұрмыстық қалдықтар мәселесі тым өзекті. Өйткені қала және кенттердегі қоқыс полигондары ұлғаймаса, кеміп жатқан жоқ. Сұрыпсыз жиналған тұрмыстық қалдықтар, ауаға бөлінетін өндірістік массалар атмосфераға нұқсан келтіруде. Ал полигондардағы ыдырамайтын заттар топырақ құнарын бұзып жатыр.

Тұрмыстық қалдық дегенде алдымен полиэтиленді пакет мәселесі шешілуі тиіс. Өйткені, тұрмыстық қалдықтар массасына көз тастасақ, полиэтиленді пакеттердің көптігін байқаймыз. Қазақстандағы қоғамның тұтынушылық моделі әр адам қоршаған ортаны бұзуға үлес қосатындай жағдай жасап отыр. Мысалы полиэтилен пакеті барлық сауда нүктелерінің басты құрауышы болып кеткен.

Полиэтилен пакеті шикі мұнайдан синтез арқылы өндіріледі. Пакеттер қолданыстағы ыңғайлығы арқылы үнемі сұраныста. Сондай-ақ, супермаркеттер мен дүкендер тұтынушыларға пакеттерді тегін таратады. Полиэтилен пакеттердің мәселесі әлем бойынша жаһандық проблемаға айналды, өйткені қолданыста ыңғайлы материалдың ыдырауы өте ұзақ процесс. Дегенмен бірқатар мемлекет мәселемен күресудің жолын тапқан.  

Зияны қандай?

Айналымыз пластик, пластик, пластик. Пластик адамның тіршілік циклының барлық саласына еніп кеткен. Үлкен техникалық құралдардан бастап, ыдыс аяқ, ұсақ заттардың барлығы пластиктен әзірленеді. Металл, шыны, ағашты алмастыруға болатын жерде полиэтилен, полимерлер жаппай қолданыс табуда. Бұл материалдар – арзан, жеңіл, ыңғайлы.

Бірақ, пластик органикалық материалдардан гөрі миллиондаған жылдар бойы ыдырап, атмосфераға түрлі зиянды заттарды бөледі. Қоқыс полигондарына жиналған қоқыс әдетте өртеледі, ал жанған пластиктен ауыр металлдар түзеледі, олар планетаның озон қабатын бұзады.  Күйген пластмассадан шыққан түтін адамдар мен жануарлардың өкпесіне түсіп, денсаулығына нұқсан келтіреді. Ыдыраған пластик өнімдері атмосфераға көтеріліп, жерге қышқыл жауын ретінде қайтадан түседі. Құрамында пластмасса бар кез келген қоқыс көп территорияны алады. Бұл проблема әсіресе қоқысты өңдеу зауыттары жоқ елдерде ауқымды экологиялық мәселеге айналды. Ұзақ жылдар бойы күресін болған жерде өсімдік шаруашылығын жүргізу мүмкін емес. 

Мәселенің шешудің бір жолы: зиян өнімді шектеу

Қазіргі таңда 100-ге жуық мемлекет полиэтилен пакеттерден бас тартты немесе өндірісін шектеген.

Мәселен, Бельгия, Гонконг, Тайваньда полиэтилен пакетке тыйым салынған. Австралияда бұл тыйымды бұзған адамға 4,6 мың АҚШ долларына тең айппұл салынады. Бұл мемлекетте әлем бойынша полиэтилен пакеттерінен азат алғашқы арал – Кенгуру аралы пайда болды.  АҚШ-та Гаваи бірінші болып полиэтилен пакеттерінен бас тартты. Үндістанның бірқатар штаттары, Сингапур, Бангладеш, Танзанияда пакетке шектеу бар. Қытайда үлбірі 0,025 мм асатын пакеттерді кіргізуге тыйым салынған. Еуропаның Италия, Дания, Ирландия, Англияда полиэтилен пакеттерін қолдануына шектеу қойылған, ал 2019 жылы Жаңа Зеландия полиэтилен пакеттерінен бас тарту стратегиясын бастамақ.

Елдегі ахуал

Полиэтилен пакет өндірісі – шығыны аз, табысты бизнес болып тұр. Пакеттер елде өндіріледі әрі Қытайдан тонналап импортталады. Пакеттер супермаркеттерде, дүкендерде, жалпы сауда саласында қажетті атрибутқа айналып барады. Халық арасында дүкенге барарда мата немесе қағаз пакеттерді алып бару мәдениеті қалыптаспай отыр. Есесіне күнделікті тұрмыстық қалдықтарды жинау үрдісі бар болғандықтан және басқа да қажеттілктерге деп қалалық тұрғындар дүкендерде сауда жасарда неғұрлым көп пакетті алып кетуге тырысады. Осылайша, әрқайсымыз тегін пакетті қолданып, қоршаған ортаны ластауға үлес қосып жатырмыз.

Балама өндіріс

Халық арасында пакеттерді күнделікті пайдалану үрдісі күрт өзгермегенше полиэтилен пакеттерді алмастыру жолдары қарастырлуы керек. Жалпы био пакетер өндірісі Қазақстанда бастау алып келеді. Мәселен, «Эко Продактс Групп» ЖШС компаниясы азық-түлік өнімдерін тасымалдауға, сақтауға арналған крахмал және целлюлозадан био пакеттерді өндіреді. Сондай-ақ biopack.kz компаниясы бір реттік эко ыдыс аяқтарын шығарады.

«Эко Продактс Групп» ЖШС Астана қаласы бойынша «Қазақстанның үздік тауары-2018» өңірлік көрме-байқауына қатысты. Жылдан жылға компания әлеуетін артып келеді.

Қоқыс полигондарын игеру

ҚР Экологиялық кодексінің 301-бабы талаптарына сәйкес 2019 жыл 1 қаңтарда қалдықтардың келесі түрі: пластмасса, пластик, макулатура, картон және қағаз, сонымен қатар шыны сынығын көмуге қабылдауға тыйым салынды.

«Қазіргі таңда полигондардың басым бөлігі қоқыстарды бөліп жинау және сұрыптаумен айналыспайды. Қалдықтарды экологиялық таза тұрғыда жинау жүйесін құруға жергілікті атқарушы органдарға 3 жыл берілген еді, бірақ жұмыс өте баяу жүріп жатыр», – дейді Қостанай облысы бойынша Экология департаментінің жетекшісі Виктор Мұхамеджанов.

 Осы ретте «S.M.F- System» тоқылмаған материалдар фабрикасы» ЖШС және «Асртон-қағаз комбинаты» ЖШС сынды кәсіпорындар арқылы қалдықтарды сұрыптап жинауға деген қажеттілік артып келеді. Олар пластик, қағаз, резіңке, техникалық майларды өңдеп,10 түрлі өнім шығарады. Нәтижесінде бұрын тау болып үйлген қалдықтар бүгін геотекстиль, холофайбер, синтепон, полиэтилен құбырлар, кофроқаптама, резіңке ұнтағына айналуда.  

Осылайша био заттарды өндіретін кәсіпорындар әлеумет пен экологияға оң әсер ететін бизнесті дамытуда.

Әлия Кемелбекова

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: vk.com
Қосылған күні: 30 наурыз, 12:13

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.