- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- Үздік оқушының 9...
Үздік оқушының 9 қасиеті
"Мектебіміздің бетке ұстар оқушысы алдыларыңызда тұр». Бұл сөзді жиі естисіз бе? Егер үлгілі оқушы атану бақыты бұйырса, өзіңізді тек жақсы жағынан көрсетіп үйренгеніңіз жөн.
♦ Мақтанбаңыз. Сіздің үлкен жетістікке жеткеніңізді мойындаймыз. Алайда тәкаппарланудың қажеті жоқ. Өзгелерге айтпасаңыз да, ақыл-парасатыңызды оңай байқайтын болады. Кей оқушы мен ұстаз сіздің ақылды екеніңізді мойындаса да, сырттай білдірмеуі мүмкін. Ал мақтаншақ мінезіңіз тек кері әсерін тигізеді.
♦ Өзгелерге көмектесуді ұмытпаңыз. Ақыл-парасат деңгейіңіздің жоғары екенін осылай да көрсете аласыз. Бұл мақтанғаннан әлдеқайда жақсы. Сыныптасыңыздың қиналып отырғанын көрсеңіз, «Көмек керек пе?» деп сұраңыз. Әсіресе бірнәрсе қолынан келмей жатқан кезде. Және тек жақын достарыңызбен шектелудің қажеті жоқ. Барлығына бірдей қол ұшын созып, мейірім танытуға дайын болыңыз. Ақылсыз адамдар әдетте барлығына көмектесе бермейді. Тек таныстарына ғана назар аударады.
♦ Оқу құралын ойластырыңыз. Оны өзгелерге ұсынуыңызға, немесе сыныпқа қалдыруыңызға болады. Ал ішіне барлығы білуі тиіс сөздерді, немесе белгілі бір пәнге қатысты пайдалы мәліметтерді жазыңыз.
♦ Үй тапсырмасының барлығын орындап жүріңіз. Өзіңіздің үздік оқушы деген атқа лайық екеніңізді танытыңыз. Қолыңыздан келгенді жасап қалудан аянбаңыз. Бар күш-жігеріңізді салыңыз. Алдыңызға биік мақсат қойып, оның орындалуы үшін барлығын жасаңыз. Мәдениетті сөйлеп, ұстаздың айтқан маңызды сөздерін кітапшаңызға түртіп алып отырыңыз. Көп ұзамай ұстазыңыз сізді өзгелерге үлгі тұтатын болады.
♦ Өзгелерді мезі етудің қажеті жоқ. Ақылды болумен тәкаппарлықты шатастырмаңыз. Ақылыңыздың арқасында барлық жұмысты жылдам орындаңыз. Сол кезде бос уақытыңыз да көп болады. Мектептен кейін достарыңызбен қыдырыңыз. Қабілетіңіздің арқасында өзгелерге ұнай түсесіз. Әңгіме барысында тек ғылыми ашылуларды ғана емес, күнделікті тұрмысқа қатысты майда-шүйделерді сөз етуді ұмытпаңыз.
Жалғасы бар...
Сурет: Досжан Балабекұлы
Оқи отырыңыз:
Үлгеріміңізді жақсартқыңыз келсе
Сіздің де лақап атыңыз бар ма?
Алматыдағы ең үздік мектеп қайсысы екенін білесіз бе?
Кітап оқу арқылы мәңгілік жасаруға болады