НЗМ және спорт

НЗМ және спорт
Фото: НИШ Атырау

Назарбаев Зияткерлік мектебі – үздік білім беру үрдісінің негізгі баламасы. Өйткені, білім алушы тек белгілі бір ғылыми пәндер негізінде жетіліп қана қоймай, мәдени шара мен спорт саласында да үздік нәтиже көрсетуі тиіс.

Спорт – денсаулық кепілі. Дені сау ұрпақ халықтың болашығының іргесін қаламақ. Тән мен жанның саулығы бір-бірімен тығыз байланысты. Түрлі зерттеу нәтижесі бойынша сананың белсенділігі тәннің физикалық белсендігімен қатар арта түсетіні анықталған.

Сонымен қатар, спорт бала бойындағы ерік-жігерді арттырып, оның өз дегеніне қол жеткізу үшін маңызды рөл атқарады. Оқу күшті және мықты ерік-жігерді қажет етеді.

Назарбаев Зияткерлік мектебі үшін спорттың рөлі қандай?
Назарбаев Зияткерлік мектебі тек білімді оқушыларды алтын ұядан ұшырып қана қоймай, келешекте елдің өркендеуіне септігін тигізетін  жан-жақты өскелең ұрпақты тәрбиелейді. Спорт бұл тәрбие жұмысында маңызды орынға ие.

фы

Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі спорт саласын жетілдіру үрдісі қалай көрініс таппақ?
НЗМ оқушылары оқу үрдісін күнделікті таңертеңгілік жаттығудан бастайды. Бұл қарапайым дене жатығулары ғана емес, жастар ортасында кеңінен танымал флешмоб, яғни топтық би жұмыстары негізінде іске асады.

Сонымен қатар, аптасына 3 рет дене шынықтыру пәні оқу жоспарына енгізілген. Бұл пән бойынша оқушылар жыл аяғында арнайы емтихан жұмыстарын тапсырады.

Одан бөлек, спорт секцияларының белсенді жұмыс жасауы арқылы НЗМ ерекше көзге түседі. Соның ішінде волейбол, баскетбол және фубол ойындарының алар орны ерекше.

Жыл сайын аймақтық спартакиада ұйымдастырылып, Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары өзара бақ сынайды. Кубок ойнатылады, үздік оқушылар мараппатқа ие болады.

Мұндай шаралар тек оқушылар арасында ғана емес мұғалімдердің арасында да жиі өткізеледі. Яғни, тек оқушы ғана емес, мұғалімдер де мұндай шараға белсене атсалысу арқылы  спорттың адам өміріндегі маңызын түсіндіреді.

фы

Спорттың қай түріне баса назар аударады?
НЗМ-ның спорт алаңы, спортзалдары заманауи технологиялармен жабдықталып, барлық спорт құрылғыларына  толы. Ойын залдарының бөлек, арнайы жаттығу залдары бар. Сондықтан, НЗМ мектебінің стратегиясы спорттың белгілі бір түріне баса назар аударғаннан гөрі, баланы жан-жақты дамытуды жөн санайды. Жүгіру, секіруден бөлек арнайы хареография сабақтары пән ретінде оқытылып, оқушының сау жетілуі үшін жұмыстанады.

Шахмат, тоғызқұмалақ ойындарына деген көзқарас қандай?
Бұл ойындар – ақыл-ойды жетілдіретін спорт түрлері. Жыл сайын Назарбаев Зияткерлік Мектебінің оқушыларының арасында турнир ұйымдастырылады. Бұл ұйымдастырылған турнирлер тек оқушылардың жеңімпаз болуға баулып қана қоймай, мектеп оқушылары арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтады.

Т. Есқали