- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- НЗМ: Халықаралық мектеп...
НЗМ: Халықаралық мектеп қатарына енді
Атырау қаласы химия биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ресми түрде Халықаралық мектептер кеңесінің (CIS) халықаралық аккредитациясын алды. Енді, бұл білім ордасы халықаралық мектептер қатарында.
CIS тарпынан өткізілген ұзақ мерзімді сараптамалық жұмыстар мұғалімдердің білімі, олардың сабақ беру үлгісі және жалпы мектеп өміріне аса мән берді. Аккредитацияны алу үрдісі – ұзақ әрі ауқымды шара. Соңғы бақылау жұмыстарын CIS қызметкерлері 16-22 қыркүйек аралығында жүргізген. Бұл қорытынды шешімдер нәтижесінде НЗМ халықаралық мектеп дәрежесіне қол жеткізді.
Атырау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Айдарбек Айтпукешов: «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» даму стратегиясы олардың халықаралық дәрежесін иемденуімен сипатталады. Аталған үрдісте жетістікке жету – мектеп үшін маңызды. Халықаралық аккредитациядан өту – ұзақ жүзеге асады, сонымен қатар, мектептің өзін-өзі бағалау жұмысындағы маңызды бөлімі. CIS мектептердің даму үлгісін басты назарға алады. Оқу үрдісіне қатысатын барлық адам мектептің негізгі мақсатымен, оның құндылықтарымен таныс болуы шарт. Әлемдік азаматтылықтың дамуы мен мектептегі интернационализмнің атқаратын рөлі зор. Біздің міндетіміз – білім ордамыздың барлық бағытын тыңғылықты түрде жеткізіп, қолымыздан келетін мүмкіндіктердің жоғары екенін дәлелдеу. CIS құрамына ену бізге дамудың жаңа бағыттарын ұсынады және мектептің кәсіби түрде жетілуіне септігін тигізеді»,– деді.
Халықарлық деңгейді бағындыру әлемге жол ашумен тең. Қазір, «бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман». Білім мен оқу ғана біздің елдің ұлылығын әлемге делелдей алады.
Т. Есқали