Назарбаев Зияткерлік мектебін таңдауға 10 себеп

Назарбаев Зияткерлік мектебін таңдауға 10 себеп
Фото: НИШ АТЫРАУ

Сапалы білім көрсеткіші

Химия, биология әрі физика секілді нақты пәндермен қатар, әдебиет, тіл секілді гуманитарлық пәндерге аса мән бере отырып, баланың ойлау көкжиегін дамытады.

989

Үш тілді еркін меңгеруге мүмкіндік

Ағылшын, орыс, қазақ тілінде еркін сөйлей алатын, болашақтың қақпасын қорқынышсыз аша алатын ұлт тәрбиелеу – НЗМ-нің басты міндеті.

23

Үздік технологиямен қамтамасыз етілген оқу орны

Сағат таңғы 8-ден түскі 5-ке дейінгі уақытын бала текке өткізбейді. Ізденіске үйреніп қана қоймай түрлі тәжірибені қолмен жасап, көзбен көргені оның бойындағы қызығушылықты оятады.

89

Өзін-өзі басқару арқылы жұмыс жасау

Мұғалім оқушыға керек ақпаратты ғана береді. Ал, оны дамыту мен берілген мәліметтен қорытынды шығарып, ой түю – баланың өзіне жүктелетін міндет.

89

Топпен жұмыс жасауға үйрету

«Жалғыздың үні шықпас» – деген сөз бар қазақта. Топпен жұмыс жасау пайдалы.  Болашақта жұмыс орнында, жоғарғы оқу орнында жетістікке жету үшін адамдармен ақылдаса, оңтайлы шешім қабылдауға бала кезінен бастап үйренгені дұрыс.

65

Өнерге баулу

Ән саласыз ба? Би билейтін шығарсыз?! Назарбаев Зияткерлік мектебіне түссем күні бойы уақытымды жоғалтамын деп мойымаңыз. Өйткені, бұл мектеп бала жан-жақтылыққа үйретеді. Сол себептен жыл сайын өнер додасы «Арт фестиваль» өткізіліп тұрады.

656

Спортқа ден қою

Волейбол, баскетбол, футбол, шахмат секілді спорт жарыстары жыл сайын қарыштап дамып келеді. Мектепішілк, мектепаралық жарыстар бала бойындағы жеңіске деген құмарлықты арттырып, еркіндікке үйретеді. Шымыр болуға мүмкіндік береді.

223

Патриоттық тәрбие

«Туған елге тағзым», «Екі апта ауылда» секілді танымдық жобалар арқылы балалар өз даласының кеңдігіне куәгер болып қана қоймай, елді танып, өзге өңірдің тарихы мен ерекшелігіне тәнті болады. Шетелге жіберетін оқу бағдарламалары бала бойындағы оқуға деген талпынысты арттырары сөзсіз.

23

Сыни көзқарас қалыптастыру

Кез келген мәселені сыни тұрғыда ойлау жүйесін қалыптастыру – мектептің негізгі мақсатының бірі. Өз ойын еркін жеткізетін, сонымен қатар өз пікірінің дұрыстығын дәлелдей алатын тұлғаның жетілуіне мектеп әсерін тигізеді.

32

Көпшілдік пен бауырмалдылық қасиеттерді дамыту

Көп уақытын мектепте өткізетін болғандықтан баланың достары да, ортасы да мектепте қалыптасады. «Шаңырақ» жүйесі баланы адамдармен еркін араласуға баулиды. Бір-біріне қамқор болу, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсету секілді адами қасиеттерді бойына сіңіріп өседі.

23

Т. Есқали