Цифрлық қоғам құру жолында

Цифрлық қоғам құру жолында
Фото: Contactus SA

Цифрлық қоғам – қоғамның тіршілік қызметінің барлық саласында білім мен ақпарат рөлінің басымдығымен ерекшеленетін, АКТ адамдардың тұрмыс тіршілігіне, олардың білімі мен жұмысына, сондай-ақ мемлекеттің, бизнес пен қоғамның өзара іс-қимылдарына шешуші әсер ететін өркениеттің қазіргі заманғы даму кезеңі.

Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейі 2015 жылы 74,2%-ды құрады, 2013 жылмен салыстырғанда 11%-ға өсті (2013 жылы 63,2%-ды, 2014 жылы - 64,1%-ды құрады); АКТ (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) мамандықтары бойынша жыл сайын орташа 30 мың адам бітіреді (Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша: ЖОО – 13 мың адам, техникалық және кәсіби білім – 17 мың адам, «Болашақ» халықаралық стипендия бойынша – 200 адам).

Халықтың цифрлық сауаттылығын көтеру мақсатында "Цифрлы Қазақстан" жобасы өз жұмысын бастады. Жоба бағдарламасы бойынша кешенді оқу материалдары әзірленеді және Қазақстанның барлық өңірінде халықтың барлық тобын оқыту процесі ұйымдастырылатын болады.

М. Оңғарова