- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- Біздің болашағымыз неге...
Біздің болашағымыз неге тікелей оқумен байланысты? #3
Бірер күн бұрын атақты Нил Гейманның әңгімесінен үзінді келтірген болатынбыз. Бұл мақала соның жалғасы әрі қорытындысы.
- Өткенімізді ұмытсақ, болашағымыздың да бұлыңғыр болары анық. Біз өзіміздің балаларымызға көңілі қалайтын кітапты дауыстап оқып, оқуға деген қызығушылығын оята білуге тиіспіз. Сонда ғана баланың болашағымыздың оқумен байланысты екеніне көзі жетеді. Сонымен қатар олармен тіл табыса білуіміз қажет. Әрбір жаңа сөзді түсіндіріп, өз ойымызды анық жеткізуіміз керек.
Жазушылар, әсіресе балалар жазушылары оқырман алдында өте адал болады. Сол себепті тек өмірден алынған нәрселерді жазуға тырысады. Әйтсе де, әдебиет шынайы өтіріктен құралған. Оқырмандарымызды жалықтырып алмай, керісінше келесі бетті өздері ашқысы келіп тұратындай деңгейге жеткізуіміз керек.
Кітапты оқығысы келмейтіндерге тарихты ұсынуымыз керек. Өйткені тарихты бір бастап оқыған адам, тастап кете алмайды.
Оқырмандарымызға әрқашан шындықты айтқанымыз дұрыс. Осы күнге дейін білген-жиғанымызбен бөлісіп, оларды барлық жақсы қасиеттерге баулуымыз керек. Ал ең бастысы біз балаларға өзімізге оқуға ұнамайтын шығармаларды жазбауымыз керек.
Жазушылар да, оқырмандар да армандай білуі қажет. Ал діттеген арманымызға қол жеткізу үшін талмай еңбектенуге тиіспіз. Таңғажайып туындыларды дүниеге әкеліп, талайды таң қалдырсақ қана көпшіліктің көңілінен шыға аламыз. Баяғыда бір журналист Альберт Эйнштейннен сұхбат ала отырып, былай деп сұрақ қояды: «Балаларымызды қалай ақылды қыла аламыз?». Сонда оның берген жауабы өте қарапайым болады.
«Егер сіздің балаларыңыз ақылды болғанын қаласаңыз, оларға ертегі оқыңыз. Тағы да ақылды болсын десеңіз, тағы бірнеше ертегі оқыңыз», - деп ұтымды жауап береді.
Өзімізден кейінгі ұрпаққа өрелі ой, келелі кеңес беретін құнды дүниелер қалдырып, болашағымызды баянды еткенге не жетсін, достар!
Көркем әдебиетке қызығып жүрген оқырмандарға қандай кітаптарды ұсынасыздар?
Сурет: blog.donga.com
Оқи отырыңыз:
Біздің болашағымыз неге тікелей оқумен байланысты?
Біздің болашағымыз неге тікелей оқумен байланысты? # 2
Жапония мектептері туралы 30 дерек
Өз жетістігіңізді жинақтап, бағалай біліңіз
Ж. Исакаев