Біздің болашағымыз неге тікелей оқумен байланысты? #2

Біздің болашағымыз неге тікелей оқумен байланысты? #2

Өткен аптада атақты Нил Гейманның көркем әдебиет туралы айтқан пікірінен үзінді келтірген едік. Аталған жазбаның жалғасы ретінде төмендегі мақаланы ұсынамыз.

Кітап оқу арқылы сіз өмірлік тәжірибе жинақтайсыз. 

Мен 2007 жылы ғылыми фантастика бағытында өткен бірінші мақұлданған партия конвентіне қатыстым. Ол Қытайда өтті. Орайы келіп, ресми билік өкілінен былай деп сұрадым: "Ғылыми фантастика көп уақыт мақұлданған жоқ қой. Неге? Не өзгерді?"

Бәрі де қарапайым деді ол маған. Қытайлықтарға сызбанұсқасын әкеліп берсе, таңғажайып дүниелерді құрастырады. Бірақ олар өз беттерімен ештеңе де жасаған жоқ. Сол себепті Америка Құрама Штаттарына, Mickrsoft, Google, Apple сынды ірі компанияларға делегация жолдап, адамдардан сұрастырады. Сөйтіп олардың жас кезінде ғылыми фантастиканы көп оқығанын анықтайды.

Әдебиет сіздерге басқа әлемді көрсете алады. Сізді ол ешқашан болып көрмеген жерге алып барады. Алайда басқа әлемді бір рет қана көріп, толық көңіліңіз тола қоймайды. Ал көңіл толмаушылық – тамаша қасиет. Соған сай талғамың да терең болады. Сондықтан көңілі толмайтын адамдар тек қана өзін емес, күллі әлемді өзгертуге ықпал етеді.
Баланың оқуға деген махаббатын бұзу - кітап оқуға мүмкіндік жоқтығына көз жеткізу. Ал менің жолым болды. Мен өскен ауданда керемет аудандық кітапхана болатын. 

Кітапхана - бұл еркіндік. Оқуға да, тіл табысуға да еркіндік. 

Мектеп қабырғасында, тіпті университетте таба алмаған тапсырмаларды кітапхананың көмегімен жүзеге асыра аласыз. Қажетті ақпараттарды да сол жерден табасыз. Бүкіл адамзат тарихында ақпарат жетіспеді. Алайда соңғы жылдары заманымыздың дамып жатқанына көзіміз жетуде. Google-дағы Эрик Шмидтпен толықтай келісем. Қазір адамдар екі күннің бірінде ақпарат алмасып тұра алады. Бірақ мәселе онда емес. Бізге осы қыруар ақпараттың ішінен өзімізге керегін табуымыз керек.

Кітапхана – адамдардың ақпарат үшін келетін орны. Кітаптар – ақпараттық айсбергтің биік шыңы. Кітапханашылар да сіздерді керек дүниелеріңізбен қамтамасыз ете алады. Және кітапхана компьютері жоқ адамдардға ғаламтор бетіне шығуға толық мүмкіндік береді. Әсіресе жұмысқа орналасып, түйіндеме жіберіп жүрген кезде өте қажетті дүние. Кітапханашылар осы жөнінде сіздерге көмектесе алады.

Кітапхана – болашақтың қақпасы. Сондықтан билік өкілдерінің кітапханаларды жауып, көп ақшаны қалтасына жымқырып қалып жатқандығы өте өкінішті. Олар керісінше асыл қазынаға толы кітапханаларды ашса, болашаққа да қақпа ашылады. Ал кітап оқу арқылы өмірден өткен адамдармен де тіл табыса аламыз. Кейбір кітаптардың, шығармалардың тарихы өте тереңде жатыр. Сондықтан кітап оқуды күнделікті әдетке айналдыруымыз қажет.

Сурет: www.pond5.com

Оқи отырыңыз: 

Біздің болашағымыз неге тікелей оқумен байланысты?

Болашақ мамандығымызды бірге таңдайық

Финляндия мемлекеті қолжазбадан бас тартты

Өз жетістігіңізді жинақтап, бағалай біліңіз

Ж. Исакаев