Біз енді үлкен адамбыз

Біз енді үлкен адамбыз
Фото: www.malinalife.ru

Барлық адам дербес те тәуелсіз болғысы келеді. Ешкімнің қамқорлығына зәру болмай, өз басын өзі алып жүре алатын адам болып қалыптсу үшін не істеу керек?

Курсқа жазылу. Ас даярлау үйрететін курс, бухгалтерлік оқыту курсы, фотошоп әлде би үйрету – кез келген курсқа жазылыңыз. Бастысы, сол курсты өзіңіз іздеп тауып, ақшасын өзіңіз төлеп, өз қолыңыздан келетініне көз жеткізу керек. Оған қажетті құралдарды да ешкімнен көмек сұрамай, өзіңіз сатып алыңыз. Осының барлығы өз еркіңізбен өмір сүруге үйреніп, өмірлік тәжірибе жинауға көмектеседі.

Жауапты іс атқару. Түбегейлі дербес адам болу үшін жауапкершілік жүктейтін іс тапсырылса, батылдық танытып, өз мойныңызға алу керек. Қарапайым істен бастауға болады. Мысалы, фильтр сатып алу, үй жануарларына мезгілімен азық беру, коммуналдық қызметтерді төлеу. Осы істерді мойныңызға алып, отбасының барлық мүшесіне тек сіз орындайтыныңызды ескертіп қойыңыз. Ұмытпай, дұрыс орындай бастағанда, ауырып жатқан көршіге көмектесу, ініңізді мектепке апару секілді көбірек жауапкерішік жүктелетін істі қолға алатын боласыз.

Сенімді сөйлеу. Егер жүрісіңіз тарпаң, басыңыз салбыраңқы, сөзіңіз солғын болса, өздігімен өмір сүруді үйрену қиынға соғады. Кеудеңізді көтеріп, жоғары дауыспен анық сөйлеуді үйреніңіз. Өзіңізді дамытып жүргеніңізді барлығы бірден байқап, түсінбей қалмас үшін, жайлап-жайлап, білдірмей өзгеріс енгізіңіз. Өз бетімен, ешкімге тәуелді болмай өмір сүретін үлкен адамдардың (ұстаз, ата-ана, достарыңыздың ата-анасы) сөйлеу мәнері мен жүріс-тұрысын бақылап, оңашада қайталап көріңіз. Өзіңізге жарасымды көрінсе, соны ұстаныңыз.

Сырттай бақылау. Өзіңізге көптеген сұрақ қойыңыз. Мысалы, неге бір дүкенде сондай көп кезек, ал бір дүкенде олай емес? Анам жібек матаны қалай, ал қатты матадан тігілген киімді қалай үтіктейді? Коммуналдық қызметті терминалмен қалай төлейді? Сұрағыңызға күліп, мазақтамайтын адамнан сұрап не интернеттен оқып жауабын біліңіз.

Өзгелерге көмектесу. Бұл да өзіңізді жетілдіруге көмектеседі. Көршіңізге ауыр жүгін көтерісіңіз, адасып қалған адамға жол сілтеңіз, сағат сұраған адамнан қашпаңыз. Мұндай қайырымды істер сіздің тұлға ретінде қалай қалыптасып келе жатқаныңызды дәлелдейді әрі өзгеге қуаныш сыйлайды.

Аталған оңай істерді орындайтын болсаңыз, жақсы адам болып қалыптасып келе жатқаныңызға көзіңіз жетіп, өзіңізді іштей мақтан тұтасыз. Бір сәт қана орындап, кейін ұмыт қалдырмай, осы кеңестерді өмір бойы қолдансаңыз, бәрі жақсы болады.

@. @assel_assanova