Өз-өзіңді дамытудың шарттары

Өз-өзіңді дамытудың шарттары

Өз-өзін дамытудың негізгі шарттарын талқылайық:

1. Ең алдымен сіз өмірге құштар болуыңыз керек. Онсыз да  белгілі нәрсе ғой деп ойларсыз. Алайда, өзіңізге сұрақ қойып көріңізші: өмірге құштарсыз ба? Өмірге құштарлық дегенді әркім әрқалай түсінеді. Сіз өмір сүргім келеді дей тұра, темекі шегіп, ішімдік ішіп, майлы, ауыр тамақты күнде жеп, денсаулығыңызға зиянды әрекеттер жасайсыз делік. Бұл жерде сіздің сөзіңіз ісіңізбен сәйкес келмейді.

Сонымен қатар, сәл нәрсеге ызаланып, күйіп-пісіп, жүйкесі тозып жүретін адамды да өмірге құштар деп атау қиын. Осы туралы жақсылап ойланыңыз.

Ал мақсат-мұраттарын саралап, армандай білетін, денсаулығын күтетін адамды өмірге құштар деп ойланбастан айта аласың. Неге десеңіз, ол мейлінше ұзақ өмір сүріп, өмірдің бар қызығын көру үшін денсаулығын мұқият күтеді.

2. Таңдау. Өмір жолында бізге жиі таңдау жасау керек болады. Әдетте, ең қиын таңдау – ілгері жүру немесе артқа шегіну. Алдымызға келетін кез келген таңдаудан біздің дамуымызға игі әсер ететін мүмкіндікті анықтап, пайдалану керек дегіміз келеді.

3. «Мен». Сіз болашақ зәулім ғимараттың фундаментісіз. Ал сол фундаментті құю тек өзіңіздің қолыңызда. Әрине, оған сыртқы факторлар әсер етеді. Алайда, жоғарыда айтқанымыздай, барлығы сіздің қабылдауыңызға байланысты.

Жаныңызға жақын дүниелерді анықтап, солармен жұмыс істеңіз.

Жалғасы бар...

Сурет: plus.google.com

Оқи отырыңыз:

Табысты болуға дайынсыз ба?

Табысты болуға дайынсыз ба? #2

Бақытты болуға не кедергі?

Бақытты болуға не кедергі? #2

Ф. Абилова