Байқау басталды!

Байқау басталды!
Фото: Ернар Алмабек

Құрметті байқауға қатысушылар, "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет!" байқауындағы топ құрамдары толығымен жасақталды. 20 маусымнан бастап блогтарыңызды жариялай аласыздар. 

I. Байқау шарты бойынша, қатысушылар өздеріне үш жетекшінің ішінен бірін таңдап, топ жасақтаулары тиіс болатын. Нәтижесінде қатысушылар белсенділік танытып, топ үш күн ішінде жасақталып үлгерді. Олар:

Ернар Алмабектің «Сәйгүлік» тобы:

1. Ғасырбек Төлегенов
2. Думан Серікбаев
3. Нұрай Қалдарбек
4. Үкілай Алмас
5. Анжела Жарақұлова
6. Жанерке Зекей
7. Зарина Маликова
8. Әлия Жақыпбай
9. Ерсұлтан Ерболған
10. Ержан Күзембаев

Әсел Асанованың «Кемеңгер» тобы:

1. Ақмарал Канал
2. Айнұр Мейрбек
3. Жангүл Алмас
4. Гүлсезім Әйтімова
5. Ақжарқын Нұрлан
6. Ақниет Жаманқұл
7. Ақжарқын Сауранбай
8. Томирис Есқали
9. Әсем Жолдасова
10. Аяулым Алмас

Гүлжанар Беріктің «Кен» тобы:

1. Назима Юлдашева
2. Аяжан Каримова
3. Әселханым Ғайнеден
4. Ләззат Асанова
5. Ұлмекен Олжабек
6. Нұрсана Кеменғали
7. Әсел Аққалиева
8. Рысгүл Қазбекқызы
9. Айсұлу Нұрбатырқызы
10. Айгүл Салимова

Өткен жылғы қатысушылардан құралған «Жас қазақ» тобы:

1. Назым Сапарова
2. Зелимхан Жолдасов
3. Гүлдәрі Құрманбек
4. Жадыра Ерболған
5. Мәлік Сейтбек
6. Арай Баймахан
7. Ақерке Ерболған
8. Жансая Олжабек

II. Ендігі кезекте әр топ жетекшілерімен бірге өз тобының ұранын шығарады. Топтың мүшелері өз жетекшісімен бірге етене араласып, өзара ақпарат алмаса алады. Яғни байқауды түсінбеген жағдайда немесе байқау кезінде көмек керек болса, кез келген уақытта хабарласуына болады. Жетекшілер өз тарапынан тобын алға ұмтылдыруға әрекеттенеді. 

Келесі аптада қатысушы екі блог жазуы тиіс: біріншісі – өзі туралы мәлімет, екіншісі – мақсаты туралы блог. 

 Бірінші блогқа қойылатын талаптар:

≥ қатысушының аты-жөні;
≥ өзінің жеке суреті;
≥ өмірдегі ұстанымы;
≥ сүйікті немесе еліктейтін тұлғасы (неліктен);
≥ хоббиі;
≥ бос уақытында айналысатын ісі;
≥ бауқауға не себептен қатысуға ниет білдірді;
≥ алдағы уақытта Массагет порталы қандай байқау немесе жарыс ұйымдастырғанын қалайды (ұсынысы);
≥ байқау туралы жеке пікірі.

Екінші блогқа қойылатын талаптар:

≥ мақсаты, егер көп болған жағдайда тізбектеп жазу;
≥ не себептен дәл осы мақсаттарды қойды;
≥ өз мақсатына қол жеткізу үшін не істеуі керек (жоспар т.б.);
≥ жекелей немесе топтық жеңістің маңызы;
≥ байқауға қатысудағы мақсаты;
≥ байқаудан қандай нәтиже күтетіні туралы аз-кем ой.

Қатысушы міндетті түрде негізі бар, нақты мақсат қою қажет. Мысалы, егер қатысушы ағылшын тілін нашар білген болса, ол екі ай ішінде "Elementary" деңгейіне дейін көтеріле алады. Тағы бір мысал, математиканы жақсарту, екі айда "Абай жолы", "Ботакөз", "Қан мен тер", "Өмір мектебі", "Көшпенділер" кітабын оқу т.б. Әр қатысушының мақсаты әртүрлі болуы мүмкін. Сонымен қатар, аз уақыт аралығында бірнеше мақсатты бірдей алып жүруге болады. Ол әр адамның өз еркінде. Қатысушылардан мақсат қою барысында мұқият болуды сұраймыз. Алдымен, барлығын саралап алғандарыңыз дұрыс. Оны тіпті өз жетекшілеріңізбен бірге кеңессеңіздер болады. Кез келген мәселені жетекшілерден сұрай аласыздар. Ең бастысы, еріншектікке мойымай, өзін-өзін жетілдірумен, дамытумен айналысу керек. 
 
PS. Байқау кезінде үй шаруасын және өзіндік мәні бар жұмыстарыңызды қалыс қалдырмауға тырысыздар.

III. Қатысушы апта сайын өз мақсатына қалай қол жеткізіп жатқаны туралы екі блог жариялайды. Әр аптаның ең үздік ойыншысы және топтық көрсеткіші дүйсенбі сайын шығып отырады (командалық есеп, жеке есеп). Қатысушылар өз мақсатына жету үшін әрекет жасап жатқанын сурет, видео, рецензия және т.б. арқылы дәлелдейді. Мұны жетекшілерімен кеңеседі (Бұл мақсатының қандай екенімен байланысты). Сонымен қатар, жанкүйерлер блогының атқарар рөлі көп. Сондықтан, мүмкіндігінше жиі жазылып тұрғаны жөн. 

IV. Байқаудың соңғы аптасында жетекшілер өз топ мүшелеріне арнайы тапсырмалар береді. 

V. Жеңімпаздар марапатталады.

@. @assel_assanova