Логикалық ойлау мен есте сақтауды дамытатын ойындар

Логикалық ойлау мен есте сақтауды дамытатын ойындар

Ата-аналар мен мұғалімдер баланың логикалық ойлауын және ақпаратты есте сақтауын дамытудың маңыздылығы туралы біледі. Ол тек мектепте емес, күнделікті өмірде де қажет болады. Бірақ үздіксіз есеп шығару зиян және мүмкін емес. Алайда балалар ойын арқылы дамып жетіледі.

1. Рубик кубигі
Бұл бас қатырғыш ойыншықты 1974 жылы архитектура мұғалімі Эрне Рубик ойлап тапқан. Кубик бірден кең тарап, қарапайым ойыншықтан вундеркиндтердің атрибутына айналды. Оның танымал 3×3×3 үлгідегі түрі сыртынан қарағанда қарапайым болып көрінгенімен одан 43 252 003 274 489 856 000 амал жасауға болады. Оның ішінде тек біреуі – дұрыс. Бұл жерде тек логика емес, есте сақтау қабілеті де жұмыс сыналады: шешімін табу үшін өзіңнің алдыңғы қадамдарыңды жаттап отыруың қажет.

Қазір Рубик кубигін математика ғылымы зерттейді, оны жинау алгоритміне арналған ғылыми жұмыстар да бар. Оған байланысты көптеген салыстырулар жүргізіледі және ойыншықты өндірушілер оның күрделі түрлерін өңдеп шығарады.

2. Классикалық үстел ойындары: шахмат, дойбы
Шахмат – әлем бойынша танымал ең ежелгі үстел ойындарының бірі. Шахматта классикалық ережелер бойынша ойнап қана қоймай, өз вариацияңды ойлап табуға болады. Жеңу үшін стратегиялық ойлап, әр келесін қадамын жоспарлап қою маңызды.

Сонымен қатар, шахмат есте сақтауды жаттықтырады. Жүріс амалдары жиі қайталанады, ал шахматшылар мүмкін қадамдарды ойында сақтап тұрады. Қарсыластар қулық жасауы да әбден мүмкін, сондықтан шахмат зейін қоюды да дамытады.

3. Сіріңкемен ойналатын бас қатырғыштар
"Бұл есепті 18 жастан асқан адамдардың тек 1%-ы шеше алады!" – әлеуметтік желілердегі парақшалардан классикалық сіріңке есептерін осындай жарнамамен көруге болады. Оларды шешу оңай емес, бірақ мына анықтамада сипатталғандай қиын да емес.

Мұндай есептерді шешуге сіріңке қолдану міндетті емес, оның орнына тіс тазартқыш, қарындаш, қалам, ағаш сынықтарын қолдануға болады.

4. Шульте кестесі
Шульте кестесі – ішінде сандары бар шаршы торлар. Шульте кестесіндегі ұяшықтарда тек сандар емес, әріптер, түстер, таңбалар немесе смайликтер болуы мүмкін. Басты міндет – кестеден қандай да бір нысанды табу. Берілген тапсырманы жылдам және дәл табу керек.

А. Жапатова