Күзгі демалыс келіп қалды

Мектеп өмірінің биылғы еншісінде жоспар бойынша арнайы демалыс күндері бекітіліп, оқу бағдарламасына да өзіндік әсерін тигізіп жатыр. Күзгі, қысқы және көктемгі демалыс күндері бұрынғы уақытынан артқа жылжыды. Оқушылар үшін тиімді жақтары да айтылып өтті.

Оқу бағдарламасын да дұрыстап жасақтауға мүмкіндік көп екен. Мектепке дейінгі мекемелердегі оқу жылы 32 аптадан тұрады. Ал бірінші сынып оқушылары 33 апта, 2-11 (12) cынып оқушылары 34 апта оқиды. Демалыс күндері төмендегідей болып, жарлыққа сай құрылды.

а) күзгі демалыс – 7 күн (31 қазаннан 2016 жылдың 6 қарашасын қоса есептегенде);
ә) қысқы демалыс – 10 күн (2016 жылдың 30 желтоқсанына бастап 2017 жылдың 8 қаңтарына дейін);
б) көктемгі демалыс – 13 күн (21 наурыздан 2017 жылдың 2 сәуіріне дейін).

Мектепке дейінге мекемелерде:

а) күзгі демалыс – 7 күн (31 қазаннан 2016 жылдың 6 қарашасын қоса есептегенде); 
ә) қысқы демалыс - 14 күн (2016 жылдың 26 желтоқсанынан 2017 жылдың 8 қаңтарына дейін); 
б) көктемгі демалыс - 15 күн (2017 жылдың 21 наурызынан 4 сәуірді қоса есептегенде).

Айта кетейік, мектеп алды және бірінші сыныптарға тағы қосымша жеті күндік демалыс беріледі: 2017 жылдың 1 ақпанынан – 7 ақпанға дейін.

Жоғарыда көрсетілгендей, тура бір аптадан соң күзгі каникулдың табалдырығынан аттаймыз. Бағаларымызды ретке келтіріп, бір апта уақыт демалайық. Демалысымызды кітап оқу секілді пайдалы істерге де арнауды ұмытпайық.