Қалдырған ізің мәңгілік. Сценарий #2

БАСЫ

1-жүргізуші: Енді, ұстаздар, кезек-кезек билет алыңыздар. Сол билеттегі сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап берулеріңізді сұраймыз.

№1 билет. Сыныпта сіз үшін ең сүйікті оқушы болуы керек пе?

№2 билет. Сабақта ұйықтап қалған оқушыны оятасыз ба?

№3 билет. Сабаққа жиі кешігіп келесіз бе?

№4 билет. Ата-аналарға балалардың тәртібі туралы хат жазасыз ба?

№5 билет. Сабақта анекдот айтқан кезіңіз болды ма?

№6 билет. Екілік бағаны жиі коясыз ба?

Жұмбақ:

1. Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/

2. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? /Жүз/

3. Желсоққанда тау ық бола ма? /Ық болады/

4. Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/

5. Ертістің ортасында не бар? /Т әріпі/

6. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? /Тұз/

Есептеңіз:

4*8+3-4 = 31 5+9-8/2 = 10 7*3+4-15 = 10 2*16-7-20 = 5 11+24-8-16 = 11  14+23-4*6 =13

2-жүргізуші: Қазақта «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген жақсы сөз бар, ендеше сахна төрінен ұстаздар өмірінен  аздап әзілге орын берейік.

Әзіл – қалжың отауы. Ұстаздар өмірінен.

Мұғалімдер кім болуды армандайды?

Мұғалімдер әсте әртіс, жазушы, сот, бастық, сылақшы, майлаушы, немесе еден сыпырушы болуды армандамайды. Өйткені:

- Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қармағында 30-40 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе? Ашса алақанында, жұмса жұдырығында, — дегендей ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады.

- Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады.

- Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өзмойнында. Демек, майлаушы да өзі,  сылаушы да өзі. Безендіруші де өзі.

- Жазушыларғакелерболсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім сияқты күнде жазуға отырмас.

- Соңғы кезде бухгалтер мен кассир де өздері.

Ұстаздарымыз сан алуан қосымша мамандықтар меңгеріп жүр. Ендеше қай мекемеге қандай мамандық иесі өте зәру болса, 2-3 айлық жазғы демалыс кезінде біздің ұстаздарды шақыруларыңызға болады.

1-жүргізуші:  

Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңмен бастау алар әр арман.

Көрініс «Жаналықтар»

Екі жүргізуші бірге:

Ұстазым-бір өзіңе бас иеміз, ұстаздар мерекесіне арналған «Қалдырған ізің мәңгілік» атты мұғалімдермен, ардагер ұстаздармен өткізген мерекелік кешіміз мәресіне жетті. Сау болыңыздар!

Ән «Ұстазым менің, ұстазым»

М -мейірімді
Ұ- ұлағатты
Ғ-ғазиз
А-ақылды
Л- лайықты
І-іскер
М- маман

Жолдаған: Жадыра Агибаева