Қалдырған ізің мәңгілік. Сценарий

Ән «Ұстазыма»

1-жүргізуші:

Армысыздар, бармысыздар!

Қош келдіңіздер, құрметті де аяулы ұстаздар!

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген – анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сен де одан адам болып жаралдың.

Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,

Бар әлемге еңбегімен еленген.

Сенің бағың өрге қарай өрлесе,

Ол да бірге қуанышқа кенелген.

Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,

Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.

Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,

Ол өзіңнің орындалған арманың.

Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,

Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.

Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,

Қасиеті бас иелік мәңгілік!

2-жүргізуші:

Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,

Перне басқан оркестрдің үніндей

Әр баланың жүрегіне жол тауып,

Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.

Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,

Жыр оқисың нөсер болып құйылып

Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің,

Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп

Жалын атып, от боп, бірге жанасың,

Білім беріп, содан бақыт табасың

Бар өмірің өрнектеліп баламен,

Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.

1-жүргізуші:

Мұғалімді анамдай жақсы көрем,

Қиналамын қымбат теңеу таба алмай

Өз баласын тастап кетіп үйіне,

Ел баласын оқытады, ой Алла-ай.

Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,

Үлгі етемін өнегелі сөзін бал

Мұғалімнің мұғалімін танимын,

Көкіректе көре тұғын көзім бар.

Ойын «Алма»

Флешмоб

2-жүргізуші:

Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз. 

Қойылым «Мектептегі оқиғалар»

1-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңді ықыласпен тыңдап,пән атауларына зер салып оқып үйреніп жүрміз. Жан-жақты білім бергені үшін ұстаздарымызға айтар алғысымыздың шегі жоқ.

Айгерім:
Қатаңдау жанар, қатқыл мінез, қаттылық,
Шәкірттері көрсетпес оған жат қылық.
Географияны зерттер жан-жақты Ерлес ағай
Тәрбиені қатар ұстап, деген әркез «сақтылық».

Ақбота:

Бар өмірі арналған жеткіншектерге
Гүлдана апайды ардақтамас жан бар ма?
Ол мектепте қысы-жазы, бүгін де
Жемісі оның жердің жүзін шарлады.

Гүлдина:

Айгүл апай,
Сабақ бойы тыным таппай.
Теорема, формуламен
Есі шығар кірпік қақпай.

Жәния:
Сурет салып сыздырар,
Өнерін ол үйретер,
Қос қолынан бал тамған,
Мұқатай ағай ол біздің,
Көрген жандар тамсанған.

Зарина:

Әріптері үйреткен,
Көркемдейді серік еткен
Бастауыш сыныпта білім берген
Гүлнұр, Жанна апай біздерге 

Гүлдина:

Шәкіртін сүйген жұдырықтай жүрегі,
Тым еңбекқор, ол жан-жүрекпен жүреді.
Тоқытты өрнегін шетел тілдің.
Рысжан Мукамановна әдемі

Санжар:

Спортты ермек  етіп таңдапты,
Секірту мен жүгіртуден нәр татты.
Ерболат пен Еркебұлан ағай мақсаты,
Спортшы қылмақ салмақты.

2 – жүргізуші: 

Шәкірттің жүрегіне дем бересің,
Екінші анам болып сен келесің.
Мейірім – шуағыңды күндей шашып,
Барлығына шәкірттің дән себесің.

Ән «Мектебім менің»

Жалғасы...