Адам тәртібіндегі келеңсіздіктер

Адам тәртібінде түсініспеушілікке бастайтын пендешілік әрекеттер кездеседі. Біреудің бойынан сондай жағымсыз қылықтарды көре тұра, кейде оны өзі де қайталап жатады. Солардың бірнешеуін қарастырып көрейік.

1. Адам өзіне сенімсіз болған жағдайда басқаларды төмендетуге тырысады.

2. Тестілеу кезінде жоғары көрсеткішке ие болғандар өзгелердің төмен дәрежесін көргенде қуанады.

3. Өзгелерді төмендету арқылы ғана өз дәрежесін көтере аламын деп ойлайды.

4. Адамның түйіндемесі ерекше папкада тұрса, оны мейлінше салмақты әрі тұрақты адам деп қабылдайды.

5. Қаталдық пен мәрттік – адамды иілмейтін, тәкаппар етіп көрсетеді. Ондай кісінің басқалармен қарым-қатынас жасауы қиын сияқты сезіледі. Ал адамдарға салқын қабақ танытса, оның себебі жалғызсырау деп ұғады.

6. Адамдар біреудің өтінішін аяқ асты ете алмаған жағдайда ғана қол ұшын созуға мәжбүр болады, яғни шын көңілден көмектескісі келгендіктен емес, амалсыздықтан барады.

7. Біреу тікелей өтініш білдірсе, қарсылық білдіруі сирек.

8. Өтірік айту аса жігерлілікті талап етеді. Адам басында бір мезгілде екі жағдай қабаттасып өмір сүреді: бірі – өтірікті құрастырып айту, екіншісі – шындықты жасыру.

9. Біреу бақылап тұрғанын сезсе, өзін жақсырақ ұстайды. Асханада ас ішкен орнын өзі жинап кетуі үшін бейнебақылау орнатылған белгі ретінде көздің суретін іліп қою жеткілікті.

10. Адам біреуге өтірік айтып, алдап соғу әрекетін өзі басқаша бағалайды, яғни өзін ақтап алуға тырысады. Мұнымен өзін де, өзгені де алдап тұрғанын түсінбейді.

11. Тартымды, шынайы түр адамды қателікке ұрындырады. Көп адам сыртқы түрге сенемін деп алданып қалып жатады. Кәсіби мамандар арбаушы адамдардың 86%-ның түрі шыншыл адамдарға ұқсас келетінін анықтаған.

Жалғасы бар...