Байқау ережесіне өзгерістер енгізілді

Байқау ережесіне өзгерістер енгізілді
Фото: massaget.kz

Осыдан бірнеше апта бұрын оқушылар арасында "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет" атты байқау жариялаған едік. Байқау басталып, қатысушылар халық алдында есеп беріп те жатыр. Бұған бәрекелдіден басқа айтарымыз жоқ.

Құрметті қатысушылар, бүгін байқау ережесіне аздаған өзгерістер енгізілгенін жеткіземіз.

Сонымен:

1. Апта сайын жетекшілерге 10 балдан беріледі. Әр жетекші өзінде бар ұпайын лайық деп шешкен қатысушыларға үлестіруі керек. Ескерту: Жетекші өз тобындағы қатысушыға ұпай бере алмайды.

2. Бүгіннен бастап ойыншы топтан шығатын болса, оның жинаған ұпайы команданың жалпы есебінен шегеріледі. 

3. Ұпай жинау мақсатында жалған аккаунтпен блогтарына лайк басып, пікір жазғандар байқаудан шығарылады. Жинаған ұпайы команданың жалпы есебінен шегеріледі. 

Құрметті қатысушылар, мақсатыңызға жету үшін атқарып жатқан жұмыстарыңыз туралы аптасына кем дегенде 2 блог жазып отыруды да ұмытпаңыздар. Іске сәт! 

О. Сансызбай